Алматы облысының тұрғыны өмір бойына бас бостандығынан айырылды

17:22, 29 мамыр 2024

© Сурет: freepik

2023 жылдың қыркүйек айында Алматы облысында үш адамның айуандықпен өлтірілуі көптің жағасын ұстатты. Күдікті бірнеше күннен кейін ұсталды. Сот оған қатысты өмір бойына бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты әйел мен оның екі баласын өлтіріп, қылмысын жасыру үшін үйге қасақана от қойды және мүлікті ұрлады деген айыпталушыға қатысты қылмыстық істі қарады.

"Сот сотталушыны өзіне тағылған іс-әрекеттерді жасағаны үшін кінәлі деп танып, өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Соттың үкімі заңды күшіне енген жоқ". ҚР Жоғары сотының баспасөз қызметі

Сот барысында сотталушының мас күйінде пышақ қолданып, бірге тұратын серіктесі мен оның кәмелетке толмаған екі баласын өлтіргені анықталды. Содан кейін үйдің есігін сыртынан құлыптап, ол оқиға орнынан қашып кеткен. Бір күннен кейін ол қылмыс орнына қайта келіп, жәбірленушінің 40 мың теңгесін ұрлап, кісі өлтіру ізін жасыру үшін олардың үйін өртеп жіберген.

"Сотталушының кінәсі іс материалдарымен: куәлардың айғақтарымен, сарапшылардың қорытындыларымен және сотта расталған және зерттелген басқа да дәлелдемелермен толық дәлелденген".ҚР Жоғары сотының баспасөз қызметі

Айта кетсек, Алматы облысында екі баласымен қоса әйелдің өлтірілгені туралы 2023 жылдың 14 қыркүйегінде белгілі болды. Сағат 23: 24-те полицияға Ащыбұлақ ауылындағы үйлердің бірінде өрттен кейін зорлық-зомбылықпен өлтірілген белгілері бар әйелдің және оның екі кәмелетке толмаған баласының мәйіттері табылғаны туралы ақпарат келіп түсті. Күдікті Алматыдан ұсталды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!