Алматы облысында жолда көкпар тартқандар қамауға алынды

18:24, 28 наурыз 2024

© Сурет: gov.kz

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Қайназар ауылындағы жол бойында көкпар ойнағандар қамауға алынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы облысы Еңбекшіқазақ аудандық сотының хабарлауынша, сотта Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабының 1-бөлігінде көзделген ұсақ бұзақылық жасау фактісі бойынша Қ. және М. қатысты әкімшілік іс қаралды.

2024 жылғы 24 наурызда сағат 00:30 шамасында Еңбекшіқазақ ауданы Қайназар ауылындағы Алматы көшесінде Қ. және М. 20-ға жуық шабандоздың қатысуымен көкпар ойынын ұйымдастырып, автокөлік құралдарының қозғалысына кедергі келтіріп, қоғамдық тәртіпті бұзды.

2024 жылғы 26 наурыздағы сот қаулысымен құқық бұзушылар Қ. және М. ҚР ӘҚБтК 434-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оларға 5 тәулікке әкімшілік қамаққа алу түріндегі жаза тағайындалды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!