Алматы облысында қар жауды

20:11, 25 тамыз 2026
MKZ: 1563376

© Фото: zakon.kz

Жаздың соңғы аптасында Алматы облысының тау бөктеріне қар түсіп үлгерді. Қыс көркінің күзді аттап, бұлайша тосыннан жауған сәтін сипаттайтын видео әлеуметтік желіде жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Видео авторы табиғаттың бұл көркем көрінісін Алматы облысы Райымбек ауданындағы Ақкөл жайлауында түсіргенін айтады. Видеодан тау бөктерінде жайқалған шыршалардың жапырақтары жапалақтап жауған қарға оранып жатқанын көруге болады.

Посмотреть в Threads

Айта кетсек, бұған дейін синоптиктер 26 тамызда күн күрт бұзылып, еліміздің кейбір өңірлерінде қар жауып, бұршақ түсетінін ескерткен болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!