Отбасы шешімі өзгеге өмір сыйлады: Маңғыстау облысында науқасқа жүрек трансплантациясы жасалды

20:30, 25 тамыз 2026
MKZ: 1563380

© Сурет: pexels

2026 жылғы 23 тамызда Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасында 1989 жылы туған әлеуетті донор анықталды. Қолданыстағы тәртіпке сәйкес пациенттің ми өлімі расталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Республикалық транспланттауды және жоғары технологиялық медициналық қызметтерді үйлестіру орталығының ұйымдастыруымен донорлық процесс жүргізілді. Нәтижесінде кезекте тұрған 1983 жылы туған науқасқа жүрек трансплантациясы жасалды.

Ота UMC Жүрек орталығында орындалды. Қазіргі таңда реципиенттің жағдайы операциядан кейінгі кезеңге сәйкес келеді. Ол медицина мамандарының тұрақты бақылауында.

"Осындай ауыр сәтте донорлыққа келісім берген отбасыға айрықша алғысымызды білдіреміз. Бұл шешім басқа бір адамның өмірін жалғастыруға мүмкіндік берді", делінген аталған орталықтың хабарламасында.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!