Алматы облысында 90-ға жуық ит қараусыз қалды: зооқорғаушы тұрғындарға үндеу жасады
© Сурет: Instagram/zhambyl_audany и dos.almaty
Алматы облысы Жамбыл ауданындағы Dog House "Твардовский дом" панажайында қалған 90-ға жуық ит азық-түлікпен қамтамасыз етілді. Қазір оларды басқа панажайлар мен жеке үйлерге орналастыру жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
11 қазанда аудан әкімдігінің мәліметінше, бұл іске белгілі зооқорғаушы, "ДОС" панажайының жетекшісі Рамзан Бацалов та қосылған.
"Володя Тепляков – біздің досымыз әрі ортақ жолдасымыз. Қазір панажай аумағында 90-ға жуық ит қалды. Көріп отырғандарыңыздай, полиция әлі де тергеу жүргізіп жатыр... Әлеуметтік желідегі баршаға айтарым: біз аудан әкімдіктерімен бірлесіп, иттердің тағдырымен айналысып жатырмыз", – деді ол.
Рамзан Бацалов жергілікті атқарушы органдар мен еріктілердің өкілдерімен бірге жануарларды орналастыру жұмыстарын үйлестіруге көмектесіп жатыр. Осы мақсатта көлік бөлінген.
Зооқорғаушы тұрғындарды тексерілмеген ақпаратты таратпауға, еріктілерді, панажайларды және мемлекеттік органдарды бір-біріне қарсы қоймауға шақырды. Сондай-ақ иттерді асырап алуға дайын тұрғындардан үн қосып, жануарлардың жаңа үй табуына көмектесуді сұрады.
"Әкімдіктер панажайдан шығарып жатыр, ветеринариялық станцияларды шақырып жатыр деген қауесетті таратпауларыңызды сұраймын. Біз әкімдіктермен бірге иттердің тағдырымен айналысып жатырмыз: оларды панажайларға және үйлерге орналастырып жатырмыз. Кем дегенде бір иттен асырап ала алатын тұрғындардан үн қосуын өтінемін. Біз оқиға орнында жұмыс істеп жатырмыз. Әкімдіктер көлік берді, адамдар да көмектесіп жатыр. Жалпы, бәріміз бірлесіп жұмыс істеп, осы үлкен мәселені шешіп жатырмыз... Біз бұл мәселені бәріміз бірге шешеміз. Бұл – ортақ қайғымыз. Осы жағдайды өз пайдасына жаратып, хайп жасауды сұрамаймын", – деді Рамзан Бацалов.
Жамбыл ауданының әкімдігі құқық қорғау органдары Владимир Тепляковтың қаза болу мән-жайын тергеуді жалғастырып жатқанын хабарлады. Ал Dog House "Твардовский дом" панажайының алдағы тағдырын оның отбасы шешеді.
Владимир Тепляков – қазақстандық зооқорғаушы, Алматыдағы Dog House "Твардовский дом" иттер панажайының негізін қалаушы. Ол панажайды 2015 жылы асырап алған ұлы Ильястың (Твардовский бүркеншік есімімен танылған) құрметіне ашқан. Ильяс үлкен ветеринариялық орталық құруды армандаған, алайда 21 жасында өмірден өткен. Тепляков жануарларға қамқорлық жасау үшін жоғары жалақысы бар жұмысынан кеткен.
2026 жылғы 7 қазанда жануарларды құтқарумен айналысатын Dog House "Твардовский дом" панажайының негізін қалаушы Владимир Тепляковтың қайтыс болғаны белгілі болды. Сол күні оның өліміне байланысты полиция кісі өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:05, 12 қазан 2026
Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді
-
16:56, 12 қазан 2026
Алматыдағы ең көне көшелердің бірі 12 қазаннан бастап түнде жабылады: мерзімі мен сызбасы
-
16:51, 12 қазан 2026
Алматы полициясы интернеттен таныстық іздейтін ер адамдарға ескерту жасады
-
16:48, 12 қазан 2026
«Марапаттың беделі әділдікпен айқындалуы керек»: өнер иелері жаңа наградаларға пікір білдірді
-
16:41, 12 қазан 2026
Қазақстанда жақ-бет хирургиялық көмегін көрсету стандарты жаңартылды





