Әкесін қыздарының көзінше аяусыз өлтірген
© Сурет: pexels
Перуде жалдамалы кісі өлтіруші 48 жастағы мототакси жүргізушісін өз қыздарының көзінше атып өлтірді. Қанды оқиға жергілікті қылмыстық топтардың қоқан-лоқы көрсетіп, ақша бопсалауына байланысты болған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Infobae басылымының жазуынша, қайғылы оқиға Сан-Хуан-де-Луриганчо ауданында болған. Қаза тапқан Леонсио Париона Варгас қыздарының бірін түсіріп кету үшін мототаксиімен тоқтаған кезде оған белгісіз адам жақындаған.
Шабуыл жасаған адам ер адамды көздеп бірнеше рет оқ атып, жаяу қашып кеткен. Полиция оқиға орнынан сегіз оқтың гильзасын тапты.
"Оқиғаның куәгерлері мен көршілері жүргізушіге көмектесуге тырысып, оны жақын маңдағы ауруханаға жеткізген. Алайда көптеген оқ жарақатынан ер адам қайтыс болды. Марқұмның артында әйелі мен балалары қалды. Оның көлік қауымдастығындағы әріптестері бандиттердің кек алуынан қорқып, жұмысқа шығуға және куәлік беруге жүрексініп отыр", – делінген басылым жарияланымында.
Жергілікті тұрғындардың айтуынша, қылмыстық топтар аудан жүргізушілерінен ғана емес, шағын саудагерлерден де ақша бопсалайды. Сонымен қатар қылмыскерлер адамдарға үйлері мен көшелерге бейнебақылау камераларын орнатуға қоқан-лоқы көрсету арқылы тыйым салады.
Қазіргі уақытта Перудің Қылмыстық тергеу департаменті адам өлтіру және ақша бопсалау фактілері бойынша тергеу жүргізіп жатыр. Аудан тұрғындары мен марқұмның отбасы биліктен шұғыл шара қолданып, оларды қылмыстық топтардың озбырлығынан қорғауды талап етуде.
Бұған дейін Үндістанның Мерат қаласында бір әйел сүйіктісімен және оның досымен бірге күйеуін өлтіріп, қылмысты жүрек талмасы ретінде көрсетпек болғаны хабарланған еді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:04, 12 қазан 2026
Дунай өзенінің суы тартылып, Румыния билігі шұғыл шаралар қабылдап жатыр
-
11:26, 12 қазан 2026
Непалда тағы су тасқыны болды: тұрғындар эвакуацияланып жатыр
-
17:46, 11 қазан 2026
«Яндекс» сервисінде туындаған ақаулардан кейін такси бағасы шарықтап кетті
-
15:46, 11 қазан 2026
АҚШ-та өлім жазасына кесілген әйел сот үкімі орындалғанымен, бәрібір аман қалды
-
15:46, 11 қазан 2026
Америкада өлім жазасына кесілген сотталушыға екпе салынғанымен, оның жүрегі соғуын тоқтатпады





