«Яндекс» сервисінде туындаған ақаулардан кейін такси бағасы шарықтап кетті
© Сурет: pexels
"Яндекс" сервисінде туындаған ақаулардан кейін inDrive-тегі таксидің құны шарықтап шыға келген. Кейбір қолданушылардың айтуынша, баға үш есеге өскен. Компанияның негізін қалаушы Арсен Томский де бұл ретте түсініктеме беруге мәжбүр болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Threads желісін қолданушылар "Яндекс Go"сервисі жұмысын тоқтатқаннан кейін 11 қазанда таңертең inDrive арқылы көрсетілетін такси құнының күрт артқанын хабарлайды. Астана тұрғындарының бірі "егер бұрын өзі жүріп жүрген жолға 900 теңге төлеп жүрген болса, қазір бұл ретте 2,6 мың теңгеге шығындануына тура келгенін" айтады.
Аталған компанияның негізін қалаушы Арсен Томский таңертеңнен бері Қазақстандағы inDrive сервисінде жолаушылар мен тапсырыстардың күрт өсімі байқалып отырғанын, бұл сұраныс пен ұсыныс тепе-теңдігінің бұзылуына әкеліп соқтырғанын мойындады.
"Команданың күш-жігерінің арқасында соңғы жылдары сервис жолаушылардан 97,5% сапарға бес жұлдыз алатын деңгейге жетті және біз бұл деңгейді сақтап қалғымыз келеді. Көбірек жүргізуші тарту үшін нарықтағы онсыз да ең төмен комиссияны міндетті салықтарды жабуға қажетті минимумға дейін төмендеттік. Бүгін бағаның шамадан тыс өсімін тежеу үшін саудаласу диапазонын қосымша шектейтін боламыз", деп жазды ол Тhreads-тағы парақшасында.
Бұған дейін Яндекс Go сервисінде ақаулар туындағаны хабарланған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:46, 11 қазан 2026
АҚШ-та өлім жазасына кесілген әйел сот үкімі орындалғанымен, бәрібір аман қалды
-
15:46, 11 қазан 2026
Америкада өлім жазасына кесілген сотталушыға екпе салынғанымен, оның жүрегі соғуын тоқтатпады
-
13:55, 11 қазан 2026
Эр-Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300-ден аса адам жараланды
-
12:51, 11 қазан 2026
Гонконгта маймыл шешегі өршіп барады
-
12:02, 11 қазан 2026
Яндекс Go сервисінде ақау туындады





