Асхананың жұмысын заңсыз тоқтатпақ болған шенеунікке айыппұл салынды
© Фото: pixabay
Батыс Қазақстан облысында аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы кәсіпкердің құқығын бұзғаны үшін 432 500 теңге айыппұл төледі. Бұл туралы 2026 жылғы 11 қазанда облыс прокуратурасы мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Аудан прокуратурасы мониторинг барысында мемлекеттік органның Кәсіпкерлік кодексінің талаптарын өрескел бұзғанын анықтады.
Атап айтқанда, аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы "Ел-Дәулет" шаруа қожалығына тиесілі асхананы тексеріп, оның жұмысын тоқтата тұру туралы нұсқама шығарған.
Алайда басқарма бұл шешім туралы прокуратураға хабарламаған. Осылайша, ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 153-бабы 1-бөлігінің 1-1-тармағының талаптары бұзылған.
"Аталған заңбұзушылық үшін аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 666-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 432 500 теңге айыппұл салынды. Айыппұл өндіріп алынды", – делінген хабарламада.
Бұған дейін Павлодар облысының прокурорлары қылмыстық-атқару жүйесінде есепке жалған мәліметтер енгізілгенін анықтаған еді. Колониялардың бірінде сотталғандарды жұмыспен қамту көрсеткіштері жасанды түрде екі жарым есе ұлғайтылған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:20, 12 қазан 2026
Атырауда 250 әйел сүт безі обырының алдын алу бойынша тексеруден өтті
-
10:12, 12 қазан 2026
Ақтау тұрғындары автобустардың лық толуына байланысты наразылық танытты
-
10:12, 12 қазан 2026
Ақтау тұрғынадары автобустардың лық толуына байланысты наразылық танытты
-
10:05, 12 қазан 2026
Алматыдағы түнгі рейдтер кезінде ондаған адам ұсталды
-
09:56, 12 қазан 2026
Шымкентте Қайрат Нұртастың концертін ұйымдастырушы ұсталды – видео





