«Ордабасы» «Қайсарды» өз алаңында жеңіп кетті
© Сурет: instagram/fc__ordabasy
Шымкенттік "Ордабасы" Қазақстан Премьер-лигасының (ҚПЛ) 28-туры аясында қонақта қызылордалық "Қайсарды" жеңді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Sportarena.kz мәліметінше, матчтағы есеп 15-минутта ашылды. "Ордабасының" норвегиялық шабуылшысы Бьорн Йонсен пенальтиден гол соқты. Ал 33-минутта Йонсен шымкенттік команданың басымдығын еселей түсті. Алайда 45-минутта "Қайсардың" бразилиялық қорғаушысы Клайдер Маседо есеп айырмасын қысқартты.
Екінші таймда "Ордабасы" есепті 3:1-ге жеткізді. Гол авторы – Давид Абағна. Ал 72-минутта Бьорн Йонсен хет-трик жасап, матчтың соңғы нүктесін қойды.
Кездесу шымкенттік команданың 4:1 есебімен жеңісімен аяқталды.
Осы жеңістен кейін "Ордабасы" 64 ұпай жинап, турнир кестесінде бірінші орынға шықты. Екінші орында келе жатқан "Қайраттан" төрт ұпайға озып тұр. Ал 24 ұпайы бар "Қайсар" 15-орында орналасқан.
Келесі турда "Ордабасы" қонақта "Ақтөбемен" кездеседі. Ал "Қайсар" Талдықорғанның "Жетісу" командасына қарсы сырт алаңда ойнайды.
Бұған дейін "Бернли" клубында Сәтбаевтың мықты тұстары аталды. Жапониялық жартылай қорғаушы Рэо Хататэ қазақстандық командаласы туралы пікір білдіріп, оның болашағына болжам жасады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:44, 17 қараша 2026
«Ордабасы» футболшысы ҚПЛ-дің ең қымбат ойыншысы атанды
-
00:29, 17 қараша 2026
Таеквондодан Астанадағы Гран-при финалына қатысатын қазақстандықтар анықталды
-
22:40, 16 қараша 2026
Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасындағы соңғы матчта Словакияны жеңе алмады
-
21:44, 16 қараша 2026
Асылжан Арыстанбекова мен Жанторе Санжарұлы халықаралық турнирлерде чемпион атанды
-
21:20, 16 қараша 2026
Қазақстан құрамасы конькимен жүгіруден әлем кубогының алғашқы кезеңін бір медальмен аяқтады





