Тоқаев Бельгиялықтар Королі Филипп пен Патшайым Матильданы қарсы алды
© Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Бельгиялықтар Королі Филипп пен Патшайым Матильданы қарсы алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ақорданың хабарлауынша, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Король Филипп пен Патшайым Матильданы елорда әуежайынан қарсы алды.
Қазақстан Республикасы Әскери әуе күштерінің ұшақтары мемлекет шекарасынан Астанаға дейін Король мен Патшайым мінген бортқа қапталдаса ұшты.
Мәртебелі меймандарды салтанатты түрде қарсы алу үшін ұшу алаңында Құрмет қарауылы ротасы мен Президенттік оркестр сап түзеді.
Еске салайық, бұған дейін Бельгиялықтар королі Филипп пен патшайым Матильда Қазақстанға келетінін хабарлаған едік.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:20, 11 қазан 2026
«Тың серпін береді» – Тоқаев Бельгия королі мен патшайымының сапары туралы
-
19:14, 5 қазан 2026
Тоқаев: Оман – экономикасын ілгерілетуде зор табысқа жеткен мемлекет
-
14:11, 2 қазан 2026
Мемлекет басшысы Данияның Сыртқы істер министрі Ларс Лёкке Расмуссенді қабылдады
-
21:18, 30 қыркүйек 2026
Тоқаев Бавариямен технология, энергетика және инвестицияны талқылады
-
20:51, 30 қыркүйек 2026
Тоқаев Бавариямен байланысты күшейтуді ұсынды










