Алматыдағы ең көне көшелердің бірі 12 қазаннан бастап түнде жабылады: мерзімі мен сызбасы
© Фото: Zakon.kz
Бүгін, 2026 жылғы 12 қазанда, Алматы тұрғындары мен қонақтарына қаладағы ең көне көшелердің бірі — Пушкин көшесінде көлік қозғалысы уақытша шектелетіні ескертілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы Almaty_Joly Telegram-арнасында жарияланды.
"Пушкин көшесінде жол жабынына орташа жөндеу жүргізілуіне байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі. 12–18 қазан аралығында күн сайын сағат 21:00-ден 06:00-ге дейін көшенің Мақатаев көшесінен Райымбек даңғылына дейінгі бөлігі уақытша жабылады", – делінген дүйсенбі күні жарияланған хабарламада.
Ал күндіз аталған учаскеде көлік қозғалысы ашық болады.
Жол қозғалысына қатысушылардан уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарап, уақытша жол белгілерінің талаптарын сақтау және балама бағыттарды алдын ала жоспарлау сұралды.
Жөндеу жұмыстарының мерзімі ауа райына және жөндеудің технологиялық үдерісіне әсер ететін өзге де факторларға байланысты өзгеруі мүмкін.
Бұған дейін Алматы әкімдігі Саин көшесінде SkyTrain жазуы бар қоршаулардың пайда болу себебін түсіндірген еді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:04, 12 қазан 2026
ШҚО-да 12 ауылдық округ әкімі айыппұл арқалады
-
17:44, 12 қазан 2026
Петропавлда макарон фабрикасының жұмысшысын қамыр илейтін құрылғы тартып әкетті: ер адам қаза тапты
-
17:40, 12 қазан 2026
Жылы болады, бірақ жаңбыр мен қар жауады: 13 қазандағы ауа райы болжамы
-
17:17, 12 қазан 2026
Тоқаев пен Бельгиялықтар Королі Филипп Бірлескен мәлімдеме қабылдады
-
17:10, 12 қазан 2026
«Шаңырағыңыз биік болсын!» Король Филипп қазақша сөйледі






