Алматы қаласы күніне орай «Көктөбе» телемұнарасы айналаға ерекше жарық шашатын болады

11:20, 14 қыркүйек 2024

© Сурет: Алматы қалалық әкімдігі

Алматы қаласы күніне орай "Көктөбе" телемұнарасы айналаға ерекше жарық шашатын болады. Мегаполис тұрғындары дәстүр бойынша қыркүйектің үшінші жексенбісінде, яғни биыл 15 қыркүйекте Қала күнін атап өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Алматылықтар мен қала қонақтары "Алматы – ортақ үйіміз" акциясы аясында қала аудандарында өтетін түрлі мерекелік іс-шараларды тамашалаумен қатар, кешкі уақытта қаланың басты нысандарын мерекелік жарықтандыруды көре алады. Бұл жарқын көрініс барлық тұрғын мен туристер үшін мерекелік құттықтаудың белгісі іспетті", делінген қалалық әкімдіктің хабарламасында.

Көктөбе телемұнарасы, Алматы, Қала күні, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.09.2024 11:20

Сурет: Алматы қалалық әкімдігі

Көктөбе телемұнарасы, Алматы, Қала күні, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.09.2024 11:20

Сурет: Алматы қалалық әкімдігі

Телемұнараның салтанатты жарығы бұған дейін 30 тамызда іске қосылған болатын. Ол келесі кесте бойынша жұмыс істейді:

  • күн сайын сағат 20.00-ден 5.00-ге дейін мұнара фондық режимде прожекторлармен жарықтандырылады.
  • мереке күндері сағат 21.00-ден 2.00-ге дейін мультимедиялық мерекелік видеоролик қосылады. Сағат 02.00-ден 5.00-ге дейін құрылым прожектормен жарықтандырылады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!