Алакөлде катамаран аударылып, адамдар суға батып кете жаздады

17:55, 29 маусым 2024

© Сурет: видеодан алынды

2024 жылы 29 маусымда Алакөлде катамаран аударылып, бес адам суға батып кете жаздады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Судағы адамдарды ТЖМ қызметкерлері құтқарды

"Жағалау аймағын қайықпен патрульдеу кезінде құтқарушылар катамараннан суға түскен ер адамдарға судан шығуға көмектесті. Кейін олар жағаға жеткізілді", делінген хабарламада.


Зардап шеккендер медициналық көмекті қажет етпеді. Адамдар су көлігін өз бетімен тізгіндей алмаған.

"ТЖМ азаматтардан судағы қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрайды. Жабдықталмаған жерлерде шомылуға болмайды", делінген ведомство хабарламасында.

Айта кетсек, 28 маусымда Павлодар облысында ағайынды екі бала суға батып кеткені хабарланған.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!