Ақтөбеліктер «жеделдетілген» қызметке ақша төлеп сан соғып қалды: екі бойжеткен күдікті ретінде танылды
© Фото: Zakon.kz
Ақтөбелік бойжеткен мемлекеттік қызметтерді заңсыз рәсімдеуді уәде еткен алаяқтық дерегі бойынша күдікті ретінде танылып отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Белгілі болғандай, бірқатар тұрғын құжаттарды "жеделдетіп рәсімдеп беруге көмектесеміз" деген желеумен әрекет еткен алаяқтардың құрбаны болған.
- Мәселен, 21 жастағы қыз жүргізуші куәлігін алу үшін міндетті оқу курсынан өтпей-ақ және емтихан тапсырмай-ақ сертификат алып беруге уәде берген. Ол клиенттерін құжаттарды еш қиындықсыз рәсімдеп беретіндігіне сендіріп, ақшалай қаражаттарын алғаннан кейін байланысқа шықпай кеткен.
- Сондай-ақ тағы бір жағдайда 27 жастағы әйел шетелдік тіркеудегі автокөлікті Қазақстан Республикасының есебіне қоюға көмектесемін деген сылтаумен азаматтың 1 млн 200 мың теңге көлеміндегі қаражатын иемденген.
"Аталған фактілер бойынша алаяқтық белгілерімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып, күдіктілердің осыған ұқсас өзге де қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде",- делінген ақпаратта.
Полиция департаменті мемлекеттік қызметтерді тек заңда белгіленген тәртіппен алу қажеттігін ескертеді. Құжаттарды "жеделдетіп" немесе "кепілдікпен" рәсімдеуді ұсынатын үшінші тұлғаларға ақша бермеу қажет.
Тәртіп сақшылары азаматтарды сақ болуға, заңды айналып өтетін күмәнді ұсыныстарға сенбеуге шақырады. Себебі уақытты үнемдеуге бағытталған мұндай әрекеттер қаржылай шығынға ғана емес, құқықтық салдарға да әкелуі мүмкін.
Бұған дейін Қазақстан азаматы Польшада жұмбақ жағдайда жоғалып кеткенін жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:31, 26 ақпан 2026
Алматыда онкологиялық бейін бойынша Құзырет орталығы ашылды
-
17:20, 26 ақпан 2026
София Актаева семсерлесуден жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында қола медаль алды
-
17:12, 26 ақпан 2026
Мемлекеттік кірістер комитеті SMS пен WhatsApp-тағы хабарламаларға байланысты ескерту жасады
-
17:02, 26 ақпан 2026
Еркін күрес шебері Болат Сақаев Албаниядағы турнирде қола медаль жеңіп алды
-
16:56, 26 ақпан 2026
Алматыда тыйым салынған бизнес: 180 мың вейп тәркіленді





