Алматыда тағы да қар жауады. Синоптиктер өз болжамымен бөлісті
© Сурет: Zakon.kz
Алматыда дамылсыз жауған қар қыстың әлі қайтпағанын танытты. Алдағы жексенбіде көктем келуі керек болса да, оңтүстіктегі жылы қала қарға бөкті. Синоптиктер Zakon.kz сайтына неліктен ауа райы қайта нашарлағанын түсіндірді.
Алматыда осымен екінші тәулік қар жауып тұр. Қала сүрең тартып, қара суық күшейіп алды: көше лай-суға толса, кей жерлерде көктайғақ пайда болды. Синоптиктердің болжамы бойынша, жауын-шашын алда да тоқтамайды: қалың қар жауып, арты жаңбырға ұласады деп күтіледі. Температура біртіндеп төмендеп, 28 ақпанда түнде сынап бағаны -9°C-ді көрсетеді.
"Қазгидромет" РМК-ның Алматы және Алматы облысы бойынша филиалының жетекші инженер-синоптигі Дәулет Кісебаев алдағы тәулікке арналған дауылды ескерту туралы ақпаратпен бөлісті.
"26 ақпанда түнде Алматы облысының солтүстігінде аздап қалың қар жауады, күндіз оңтүстікте, облыстың тау бөктерінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады, ал облыстың таулы аймақтарында да қалың қар жауады деп болжанады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, тау бөктерінде, таулы аймақтарында кейде тұман, көктайғақ болып, бұрқасын жүреді деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, тау бөктерінде, таулы аймақтарында батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 24-29 м/с дейін жетеді", - дейді синоптик.
Алматыда:
26 ақпанда күндіз қатты жауын-шашын болып, қар, сырғақ жауады, тұман, көктайғақ болады. Батыстан соққан желдің екпіні 15 м/с құрайды.
Қонаевта:
26 ақпанда тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 25 м/с дейін жетеді.
Бұған дейін Алматыға қалың қар жауып, қалаға бір тәулікте 17 см қар түскенін, көшелерге 2,7 мыңнан астам коммуналдық қызметкер шыққанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:34, 25 ақпан 2026
Жамбыл облысында жұмыс берушінің кесірінен шетелдік ерлі-зайыптылар сот залынан бір-ақ шықты
-
19:22, 25 ақпан 2026
Алматыда Сайран көлінің ортасында қалып кеткен ит төтеншеліктерді әбігерге салды
-
18:56, 25 ақпан 2026
Қазақстанның басым бөлігінде күн аяздап, қар жауатыны болжанады
-
18:49, 25 ақпан 2026
Астанада құрылыс салушылардың ұзақ жылдар бойы заңды белден басып келгені анықталды
-
18:40, 25 ақпан 2026
Оралда әкімдер мен депутаттың да үрейін алған блогер сотталды





