Ақтөбелік қолөнер шеберінің «Қазақтың киіз үйі» атты кітабы жарыққа шығады
© Сурет: видеодан алынды/astana.tv
Ақтөбелік он саусағынан өнері тамған қолөнер шебері Бұлбұл Кәпқызының "Қазақтың киіз үйі" атты еңбегі жарыққа шықпақ. Кітап баспаханада басылып жатыр. Сондай-ақ шебердің қазақтың өрмек тоқу дәстүрі туралы "Алаша өнері" атты да еңбегі дайын тұр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Кітапта киіз үйдің жасалу жолдары баяндалады. Бұлбұл Кәпқызы жастайынан ұлттық өнермен сусындап, төрт жасынан бастап әжесінің, анасының қасында ине сабақтап беріп отырып, қолөнерді үйренген. Қазір қазақтың киіз үйін толықтай жасақтап бау-басқұр, өрнек, түкті, тықыр кілем, алаша тоқиды. Түскиіз, сырмақ тігеді. Ши тоқиды. Ұлттық өнерді өскелең ұрпаққа үйретуде, деп хабарлайды Astana.tv.
"Болашақ келе жатқан өскелең ұрпаққа жаңа буынға біз мұны қалдыруымыз керек. Қандай бір елдің мәдениеті, қандай бір елдің дамуы қолөнерімен байқалады. Біз мысалы шетелге шыққанда қараймыз. Мынау башқұр, өзбек, мынау татар, түріктікі , түркімен кілемі деп сразу өнеріне қарап айтамыз ғой. Сондықтан біздің қазақтың өнері де мынау қазақтікі деп тұру керек". Этнограф, қолөнер шебері Бұлбұл Кәпқызы
Тіккен кестесі де көз тартады. Қазақтың ұлттық киімдерін заманауи этно үлгіде әсемдеп кестелейді. Шебердің айтуынша қазақтың оюының мән-мағынасы зор. Кимешек, көйлек, қамқол, бешпеттер, шапандарға сұраныс ерекше. Бұл кісіден іздеп келіп өнерін үйренушілерде жетерлік.
"Өте керемет. Мен өзім ол кісіні Инстраграмнан іздеп таптым. Өзім екі рет іздеп келдім Бұлбұл ханымды. Екеуміз бір-бірімізді жақсы түсінеміз. Мен тігінші дизайнермін. Бұлбұл ханым маған кестеліп береді. Ары қарайғысын өзім тігемін". Тігінші Мейрамгүл Таубатырова
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:00, 4 сәуір 2026
Алматыда адамдарға шабуылдаған шетелдік жасөспірімдерге қатысты сот үкімі шықты
-
17:53, 4 сәуір 2026
«Жаңбыр жауып, бұршақ түседі». Жексенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
-
17:00, 4 сәуір 2026
Ағайынды Айдос пен Дастан Кенжеғұловтар үстел теннисінен Аустрия кубогында жүлделі болды
-
16:53, 4 сәуір 2026
Айбек Оралбай бокстан Азия чемпионатының 1/2 финалына өтті
-
16:47, 4 сәуір 2026
Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша 5-7 сәуірге арналған ауа райы болжамы





