Ақтөбе облысының жаңа әкімі таныстырылды
© Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Президент әкімшілігінің басшысы Олжас Бектенов Ақтөбе облысының барлық деңгейдегі мәслихаттары депутаттарының жиналысына қатысып, облыс активіне өңір басшысын таныстырды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ақорданың баспасөз қызметінің мәліметінше, депутаттарға Ақтөбе облысының әкімі лауазымына Нұрлан Қасымханұлы Қызбергенов пен Асхат Берлешұлы Шахаровтың кандидатурасы ұсынылды.
Ашық дауыс берудің нәтижесінде 119 депутат Асхат Шахаровқа, 55 депутат Нұрлан Қызбергеновке дауыс берді. Жиналысқа барлығы 174 депутат қатысты.
Дауыс беру қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы Асхат Шахаровты Ақтөбе облысының әкімі лауазымына тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды.

Сурет: akorda.kz
Облыс активімен кездесу барысында Олжас Бектенов өңірдің жаңа әкімін таныстырды. Президент Әкімшілігі Басшысының айтуынша, Асхат Шахаровтың жауапты басшылық қызметтерде мол тәжірибесі бар. Ол әр жылдары Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе және Зеленов аудандарының, Ақтөбе қаласының әкімі болды.
Олжас Бектенов еліміздің ірі өндірістік аймағы саналатын облысты дамытуға зор үлес қосқаны үшін Ералы Тоғжановқа алғыс айтты.
Сонымен қатар Мемлекет басшысының биылғы 1 қыркүйектегі Жолдауында берген тапсырмаларына айрықша назар аударылды. Облыс әкімдігіне өндіріс пен ауыл шаруашылығын одан әрі дамыту, жаңа жұмыс орындарын ашу, шағын және орта бизнесті қолдау, автомагистраль желісін дамыту, үлескерлердің мәселелерін шешу міндеті жүктелді.
Бұдан бөлек, Президент Әкімшілігінің Басшысы жергілікті билік органдарының өкілдері азаматтармен жан-жақты байланыс орнатуы қажет екенін атап өтті.
Жиын соңында Олжас Бектенов Асхат Шахаровқа Ақтөбе облысының әкімі лауазымындағы жауапты қызметіне табыс тіледі.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:58, 14 желтоқсан 2025
«Шұғыл ақша керек». Назым Қызайбай өзіне сыйға тартылған көлікті сатпақшы
-
17:50, 14 желтоқсан 2025
Астана, Алматы және еліміздің 14 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
-
16:53, 14 желтоқсан 2025
БҚО-да қатты боран соғып, кейбір елдімекендер жарықсыз қалды
-
16:42, 14 желтоқсан 2025
«Қалың қар жауып, қатты жел соғады». Дүйсенбіге арналған ауа райы болжамы
-
15:58, 14 желтоқсан 2025
Атырауда барлық оқушы ертең онлайн оқитын болады





