Ақтөбе облысының әкімі өңірдегі су тасқыны жағдайы жайлы айтты

11:44, 28 наурыз 2024

© Сурет: gov.kz

28 наурызда Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров бейнеүндеу жариялап, онда соңғы күндері өңірді шарпыған су тасқынымен күрес қалай жүріп жатқанын түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бейне хабарлама әкімнің Facebook-тегі жеке парақшасында жарияланды.

Оның айтуынша, жаңбыр салдарынан аймақтағы жағдай ушығып кеткен.


"Қазір облыста жолдар мен көпірлерді, аулалар мен ауылдарды су шайып кеткен жерлер бар.Кеше аудандарда болсам, бүгін қаланы аралап шықтым.Материалдық шығынды арнайы құрылған комиссия бағалайды. Тұрғындарға шыдамдылық танытқаны үшін алғыс айтамын. Ешкім қараусыз қалмайды. Барлық әкімдер, Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері, әскери бөлімдер, полиция қызметкерлері күндіз-түні өз міндеттерін атқаруда. Барлығы күшейтілген қауіпсіздік шараларына көшірілді", - деді Асхат Шахаров.

Сондай-ақ әкім қабылданған шаралар туралы ақпарат бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде жарияланып жатқанын айтты. Су тасқынына қарсы штаб пен жағдай орталығының операторлары ақтөбеліктерден түскен қоңырауларға тәулік бойы жауап беріп, тиісті көмек көрсетуде.

Көктем басталысымен Қазақстанның бірнеше облысында су тасқынымен күресуде. Мәселен, Ұлытау ауданы Талдысай ауылында сегіз жеке үйді су басып, су деңгейі 50 см-ге дейін жетті.Оған қардың қарқынды еруі мен жер асты суларының көтерілуі себеп болды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!