Несие бойынша 130 адамды «қораға тыққан» бесеу сот алдында жауап берді

16:25, 27 сәуір 2024

© Сурет: freepik

Таразда 130 адамды сан соқтырды деп айыпталған бесеу алаяқтық бабы бойынша сотқа тартылды. Келтірілген шығынның жалпы сомасы 256 млн теңгеден асады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сотта сотталған Т. өзінің қылмыстық сыбайластары - төрт адаммен бірге алдын ала сөз байласу арқылы жеке тұлғалардың сенімдерін теріс пайдаланып, олардың аттарына online тауарлық несие ресімдегені, тауарды қолма-қол ақшаға айналдыру арқылы бөтеннің мүліктік құқығын иемдену арқылы алаяқтық әрекеттер жасағаны анықталды. Сотталғандардың қылмыстық әрекеттерінің салдарынан 130 адам жәбір көріп, жалпы 246 млн тенгеден астам сомада материалдық залал келтірілген.

Сотталғандардың кінәсі жәбірленушілердің, куәлердің айғақтарымен, бейне және өзге де заттай айғақтар нәтижесінде толық және объективті түрде өз дәлелін тапты.

Тағы 13 адам жәбірленушілермен татуласуларына және залалды қалпына келтірулеріне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылды.

Сотталғандардың жасөспірім балаларының болуы және жасаған қылмыстық әрекеттері үшін шын жүректен өкінулері қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар ретінде танылды.

Сот басты айыпты Т.-ны ҚР ҚК-тің 190-бабы, 4-бөлігі, 2-тармағы бойынша кінәлі деп танып, оған ҚК-нің 50-бабы, 3-бөлігіне сай талаптарды қолдану арқылы қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарында жұмыс істеу құқығынан 5 жылға айыра отырып, 8 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Тағы үш адам ҚР ҚК-нің 28-бабы, 5-бөлігі; 190-бабы, 3-бөлігі, 4-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, оларға ҚР ҚК-тің 50-бабы, 3-бөлігіне сай талаптарды қолдану арқылы қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарында жұмыс істеу құқығынан 5 жылға айыра отырып, 6 жыл мерзімге бас бостандықтарынан айыру жазасы тағайындалды.

Ал тағы бір адам ҚР ҚК-нің 28-бабы, 5-бөлігі; 190-бабы, 2-бөлігі, 1-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, оған 2 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

"Сот талқылауы барысында келтірілген залал ішінара өтелген, ал іс бойынша залалды өтеу мен келтірілген зиянды түзету бойынша шаралар қабылдаған кәсіпкерлерге қатысты ҚР ҚК-нің 68-бабына сәйкес іс жүргізу тоқтатылды". Тараз қаласы №2 сотының баспасөз қызметі

Үкім заңды күшіне енген жоқ

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!