Ақтөбе облысында өткен жылы жарты тоннаға жуық есірткі тәркіленді
© Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Өткен жылы Ақтөбе облысының аумағында 279 есірткі саласындағы құқық бұзушылық анықталды, оның 136-сы — қылмыс, ал 143-і – есірткінің заңсыз айналымына байланысты қылмыстық теріс қылықтар.
Жедел іс-шаралар барысында 450 келіден астам есірткі заттары тәркіленді.
Тәркіленген есірткінің ең көп үлесін құраған марихуана болды, оның жалпы салмағы 320 келіден асты, сонымен қатар 8 келіге жуық гашиш және 9 келіден астам синтетикалық есірткі тәркіленді.
2024 жылдың басында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Ақтөбе қаласында жедел іс-шаралар барысында көрші облыстың тұрғынынан 10 келіден астам марихуана есірткісін тәркіледі.
Сот оны қатаң режимдегі колонияда жазасын өтеуге 10 жылға бас бостандығынан айырды. Күзде гараж кооперативінде орналасқан синтетикалық есірткі өндірісінің жасырын зертханасы анықталды.
Зертханадан 3 кг астам мефедрон алынды. Бұл іс бойынша тергеу жалғасуда. Сонымен бірге есірткі мен психотроптық заттардың таралу арналарын, соның ішінде есірткі заттарын сату үшін пайдаланылған интернет-сайттар мен QR-кодтарды анықтау мен бұғаттау бойынша жұмыс жанданды. Сондай-ақ қызметтік-іздестіру иттерінің көмегімен шамамен 2,5 кг есірткі тәркіленді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:32, 7 қаңтар 2025
Алматыда «Бақорда» сауда орталығы алдында жаяу жүргіншіні көлік қағып, мерт етті
-
10:22, 7 қаңтар 2025
«Ғимараттар қирады». Тибетте қатты жер сілкінісі болып, 32 адам қаза тапты
-
10:13, 7 қаңтар 2025
Түркістан облысында жедел жәрдем көлігі жете алмаған шалғай ауылға құтқарушылар аттанды
-
10:03, 7 қаңтар 2025
Қостанайда кәсіпкер өзінің жиһаз цехында ірі көлемде гашиш пен марихуана сақтаған
-
09:57, 7 қаңтар 2025
Бүгін еліміздің сегіз қаласында ауа сапасы нашарлайтыны ескертілді