Ақтөбе облысында мал ұрлығына күдікті ауыл тұрғыны ұсталды
© Фото: Zakon.kz
Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері өз ауылдасының сиырларын ұрлады деген күдікпен Мәртөк ауданының тұрғынын анықтап, полиция бөліміне жеткізді.
Тергеп-тексеру барысында 26 жастағы ер адам ауыл кәсіпкерінің сирек тұқымды ірі қарасын ауылға жақын жерде жайылып жүрген жерінен жасырын айдап кеткені анықталды.
Ұсталған жігіт өз кінәсін мойындады. Күдікті жігіттің айтуынша, ол ұрлаған жануарларды үйіне әкеліп сойып, етін қалаға өткізген. Мал иесі өзіне келтірілген шығынды бір миллион теңгеге бағалады.
Күдіктіден ұрланған жануарлардың терісі тәркіленді. Мал ұрлығы дерегі бойынша қозғалған қылмыстық іс аясында сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Ауыл тұрғыны мүлкі тәркіленіп, бес жылға дейiнгі мерзімге бас бостандығын айырылуға дейінгі жазаға тартылуы мүмкін. Полиция мал иелерін қырағы болу, ұрлықтан сақтану шараларын қабылдау және осындай дерек болған жағдайда дереу полицияға хабарлау туралы ескертеді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:14, 16 желтоқсан 2025
Алматылық «Қайрат» әлемдегі ең үздік 500 футбол клубының қатарына енді
-
19:08, 16 желтоқсан 2025
Ауа райына байланысты бес бағыт бойынша пойызға қосымша орындар ашылды
-
18:52, 16 желтоқсан 2025
Димаш Құдайбергеннің қарындасының патриоттық видеосы желіде қызу талқыланып жатыр
-
18:31, 16 желтоқсан 2025
Биатлоннан Әлем кубогы кезеңі: қазақстандықтар эстафетада қалай өнер көрсетті
-
18:20, 16 желтоқсан 2025
Ауа райы күрт бұзылады: Астанада, Алматыда және өңірлерде дауылды ескерту жарияланды





