Ақтөбе облысында киіктерді мотоциклмен қуып жүріп өлтірген ер адам ұсталды

14:50, 25 қыркүйек 2024

© Фото: wikimedia/Andrey Giljov

Автокөлікті тексеру кезінде салоннан ақбөкендердің еті табылды

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, 22 қыркүйекте полицейлер "Охотзоопром" АФ қызметкерлерімен бірлесіп, Қарабұтақ ауылы маңындағы Самара — Шымкент тасжолында "Қарасора" жедел профилактикалық іс-шарасы шеңберінде рейдтік іс-шараларды өткізу кезінде Lada Largus автокөлігін тоқтатқан, деп жазады Алматы телеарнасы.

"Автокөлікті тексеру кезінде салоннан ақбөкендердің еті табылды. 42 жастағы көлік жолаушысының айтуынша, пакетте бес ақбөкеннің еті бар, ол жануарларды Ырғыз ауданының аумағында мотоциклмен соғып жүріп құлатқан. Келтірілген шығын көлемі шамамен — 20 млн теңге", — делінген хабарламада.

Аталған факті бойынша қылмыстық тергеу басталды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!