Ақтөбе әуежайының жұмысы қалпына келді

22:58, 27 наурыз 2024

© Сурет: видео скрині

Төтенше жағдайлар министрлігінің күшімен Ақтөбе әуежайының жұмысы қалпына келтірілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Күні бойы әуе айлағының аумағында Ақтөбе өңірінің құтқарушылары су айдау жұмыстарын жүргізді.


"Жергілікті атқарушы органдар өз кезегінде облыстық маңызы бар автожол учаскесін жасанды түрде жарып жіберді. Бұл жинақталған еріген суды ағызуға мүмкіндік берді. Себебі баламалы айналма жол бар". Төтенше жағдайлар министрлігі



Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!