Ақтауда 16 жасар жасөспірім биіктен секіріп көз жұмды

19:37, 8 тамыз 2025

© Сурет: Алматы қалалық әкімдігі

Ақтау қаласының 17-ші ықшам ауданының тұрғындары әлеуметтік желіде өз терезелері тұсында жерде беті матамен жабылған адамның жатқанын айтқан. Zakon.kz редакциясы аталған факт бойынша түсініктеме алу үшін өңірлік ПД-ның баспасөз қызметіне жүгінді.

Құзырлы ведомство атап өткендей, 16 жасар жасөспірім биіктен секіріп көз жұмған.

"Оқиға фактісі бойынша ҚР ҚК-ның 105-бабы, "Суицидке жеткізу" бойынша тергеу амалдары қолға алынды. Жасөспірім психикалық диспансердің есебінде бар", - деді полициядағылар.

Бұған дейін Алматыда ҚазҰУ-дың студенті биіктен секіріп, мерт болғанын жазғанбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!