Ақтау маңындағы ұшақ апатынан зардап шеккен 29 шетел азаматы Отанына аман-есен жетті
© Сурет: Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі
Ақтау маңындағы ұшақ апатынан зардап шеккен, Маңғыстау облыстық ауруханасының реанимация бөлімшесінде 6 күн бойы емделіп жатқан Әзербайжанның қалған үш азаматы Әзербайжанға арнайы бортпен жеткізілді.
Бір пациент механикалық желдетуден, вазопрессордан және дәрілік седациядан ажыратылған. Басқа екі зардап шеккен адамда вазопрессордың дозасы ең төменгі дозаларға дейін төмендетілді.
Қайғылы оқиғадан кейін дәрігерлердің білікті іс-қимылының арқасында келіп түскен барлық пациенттердің жағдайының динамикасы тұрақтандырылды, нашарлау байқалмады.
Бүгінгі таңда Ақтау маңындағы ұшақ апатынан зардап шеккен 29 адамның барлығы медициналық қызметтердің күшімен тұрғылықты елдеріне тасымалданды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:50, 3 қаңтар 2025
ІІМ көлік жүргізушілеріне маңызды үндеу жасады
-
18:49, 3 қаңтар 2025
Ақмола облысындағы жаппай жол апаты: зардап шеккендер саны 20 адамға жетті
-
17:52, 3 қаңтар 2025
Астана әуежайында ұшып кететін үш, ұшып келетін 11 рейс кейінге шегерілді
-
17:19, 3 қаңтар 2025
Ақмола облысындағы жаппай жол апаты: 11 адам зардап шекті
-
16:53, 3 қаңтар 2025
4 қаңтарда қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды