Ақтау маңында жол апаты болып, екі қыз зардап шекті

13:20, 14 қыркүйек 2024

© Сурет: Zakon.kz

13 қыркүйекте Ақтау маңында кешке жол апаты болып, екі бала ауыр жарақат алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Lada.kz өңірлік басылымының мәліметінше, жол апаты "Автодром" ауданында болған.

Жедел жәрдем қызметіне сағат 21: 07-де қоңырау келіп түсті.

"Жол апатынан екі қыз зардап шекті, олардың бірі - екі, ал екіншісі - 16 жаста. Екеуі де ауыр жағдайда Ақтау өңірлік балалар ауруханасына жеткізілді", - деді дәрігерлер.


2024 жылдың 13 қыркүйегінде кешке Алматыда бетон араластырғыш жүк көлігі беткейлі жол бөлігінен төменге ылдилай сырғанап, жеке үйді талқандады. Оқыс оқиға Камен үстірті ықшам ауданында болды, зардап шеккендер жоқ.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!