Алматы әкімдігі Бас жоспарды түзету бойынша қоғамдық талқылаулардың өту тәртібі туралы айтып берді
© Сурет: Алматы әкімдігі
Алматының 2040 жылға дейінгі Бас жоспарын түзету бойынша қоғамдық талқылаулар аясында мұндай іс-шараларды өткізбестен бұрын заңмен белгіленген рәсімдердің сақталуы туралы мәселе көтерілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алматы қаласы Сәулет, қала құрылысы басқармасының басшысы Алмас Жаңбыршының айтуынша, қоғамдық талқылаулар Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылы 30 қыркүйектегі №505 бұйрығымен бекітілген "Қала құрылысы жобаларын (елді мекендердің бас жоспарлары, егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары және құрылыс жобалары) әзірлеу, келісу және бекіту қағидаларына" (Қағидалар) сәйкес өткізіледі.

Сурет: Алматы әкімдігі
"Қағидаларға сәйкес, қоғамдық талқылаулар өткізу күні ашық жиналыс түрінде бұқаралық ақпарат құралдарында хабарландыру жарияланған күннен бастап кемінде жиырма күнтізбелік күннен кейін белгіленуге тиіс. Біз 25 қарашада Алматы қаласының Бас жоспарын түзету жобасы бойынша қоғамдық талқылаулардың 24-26 желтоқсан аралығында өтетіні туралы ресми түрде жарияладық. Сонымен қатар, басқарманың сайтында түзету жобасы жарияланды, онымен кез келген адам таныса алды. Айта кету керек, жобаның өзі қанша уақытқа жариялануға тиіс екені Қағидалармен нақты реттелмеген", – деді ол.

Сурет: Алматы әкімдігі
Бас сәулетші қоғамдық талқылаулар туралы хабарландыруда барлық қажетті ақпарат көрсетілгенін айтты. Атап айтқанда, қосымша мәлімет алуға, жоспарланған талқылауға қатысты құжаттардың көшірмесін сұратуға болатын электронды пошта мен телефон нөмірі бар.

Сурет: Алматы әкімдігі
"Рәсімдердің сақталуына қатысты ескертулерден кейін барлық қағиданы қайта қарап, заң талаптарының толық сақталғанына көз жеткіздік. Сол себепті, қазіргі таңда қоғамдық талқылауларды бұрын белгіленген мерзімде өткізіп жатырмыз", – деді Алмас Жаңбыршы.

Сурет: Алматы әкімдігі
Бұған дейін Алматыда Жұмысшы мамандықтары жылын салтанатты түрде жабуға арналған "ALMATY PROF SKILLS: нәтижелері және даму мүмкіндіктері" атты қалалық форум өткенін жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:39, 25 желтоқсан 2025
Президент: Қазақстан – Starlink желісіне ие болған Орталық Азиядағы алғашқы мемлекет
-
16:39, 25 желтоқсан 2025
Президент: Аймаққа тартылған инвестицияның басым бөлігі Қазақстанға бағытталған
-
16:35, 25 желтоқсан 2025
Президент: Қазақстанда «Заң мен тәртіп» қағидаты орнығып, жаңа мәдениет қалыптасып келеді
-
16:32, 25 желтоқсан 2025
Қазақстанда бұрын-соңды болмаған тың өзгерістер жасалды - Тоқаев
-
16:31, 25 желтоқсан 2025
Мемлекет басшысы барлық өңірде Инклюзивті спорт орталығын салу тапсырмасын берді





