24 желтоқсандағы сауда қорытындысы: доллар сәл қымбаттады
© Фото: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасында (KASE) 2025 жылғы 24 желтоқсанда сағат 15:30-да шетел валюталары бойынша күндізгі сауда аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сауда нәтижесі бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 511 теңгені құрап, 0,88 теңгеге өсті.
Ресей рублінің бағамы 6,51 теңгеге дейін көтерілді (+0,01).
Қытай юанінің бағамы таңғы саудада 72,48 теңге болды (–0,23).
Айырбастау пункттерінде доллар 512,9–515,5 теңге аралығында сатып алынып, сатылуда. Еуро 600,3–605,5 теңге, ал рубль 6,41–6,54 теңге шамасында саудалануда.
Сонымен қатар 24 желтоқсанда мұнайдың әлемдік бағалары өзгерді. Brent маркалы мұнайдың фьючерстік келісімшарттары 1 центке арзандап, барреліне 62,37 АҚШ долларын құрады. Ал WTI маркалы америкалық мұнай 1 центке қымбаттап, барреліне 58,39 АҚШ долларына жетті.
Ұлттық банк таңертеңгі уақытта доллардың ресми бағамын 510,18 теңге, еуроны – 601,91 теңге, рубльді – 6,51 теңге деңгейінде белгіледі.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:55, 24 желтоқсан 2025
«Тағдыршешті реформалар кезеңіне қадам бастық»: Тоқаев мемлекеттік аппаратқа үндеу жасады
-
17:42, 24 желтоқсан 2025
«Нағыз қылмыс» - Тоқаев сапасыз тұрғын үйлер мәселесі туралы
-
17:24, 24 желтоқсан 2025
Астанадағы өндіріс орындарында биыл 12 адам қаза тапқан
-
17:21, 24 желтоқсан 2025
«Ұят жағдай» - Тоқаев Бурабайдағы тазалық туралы
-
17:16, 24 желтоқсан 2025
Си Цзиньпин Астананың келбетіне жоғары баға берді - Тоқаев





