ҚР Мемлекеттік туымен жүзетін кеме экипажының құрамына шетелдіктер қандай шарттармен жұмысқа орналаса алады

10:52, 25 қыркүйек 2024

© Фото: Министерство обороны РК

Көлік министрінің м. а. 2024 жылғы 18 қыркүйектегі бұйрығымен шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар ҚР Мемлекеттік туымен жүзетін кеме экипажының құрамына кіре алатын жағдайлар бекітілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Мемлекеттік туымен жүзетін кемеге шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды жұмысқа қабылдау "Халықтың көші-қоны туралы" Заңға сәйкес мынадай шарттар сақталған кезде жүзеге асырылады:

  • шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар кеме капитаны, кеме капитанының аға көмекшісі, аға механик және радио мамандары лауазымдарына тағайындалмайды;
  • шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар кеме капитаны, капитанның аға көмекшісі және аға механик лауазымдарына тағайындалмайды;
  • кемеге шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарды жұмысқа қабылдау кемеде бос жұмыс орындары бар болғанда және iшкi еңбек нарығында жекелеген кәсіптер мен біліктіліктер бойынша қызметкерлерге сұранысты қанағаттандыру мүмкiндiгі болмаған кезде жүзеге асырылады;
  • Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзетін кеме экипажының құрамына еңбек қызметін жүзеге асыру үшін тартылатын шетелдіктердің білім деңгейі (кәсіптік даярлығы) және еңбек өтілі сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы мамандардың лауазымдарына және ішкі су көлігі жүзу саласындағы мамандардың лауазымдарына қойылатын талаптарға сай болуға тиіс;
  • Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтерiп жүзетін кемеге жұмысқа қабылданатын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың:

- сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы мамандар үшін және ішкі су саласындағы мамандар үшін денсаулық жағдайы бойынша осындай жұмысқа жарамдылығын растайтын медициналық комиссияның қорытындысы керек;

- шетелдіктер үшін – жарамды шетелдік паспорт, бұл ретте Қазақстан Республикасы мемлекеттерімен келудің және болудың визасыз тәртібі туралы келісім жасалмаған шетелдіктер үшін қосымша тиісті виза болуы қажет;

- азаматтығы жоқ адамдар үшiн – азаматтығы жоқ адамның куәлiгi немесе азаматтығы жоқ адамның құқықтық мәртебесiн растайтын, шет мемлекет берген шетелдiк паспорт болуға тиiс.

Бұйрық 2024 жылғы 5 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!