Ақмола облысында төрт жасар бала терезеден құлап кетті
© Сурет: primeminister.kz
Қосшы қаласында төрт жасар бала екінші қабаттың терезесінен құлады. Дәрігерлер баланың жағдайына қатысты ақпаратпен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оқыс оқиға бүгін, 20 шілдеде таңертең көппәтерлі тұрғын үйдің аумағында болды.
Түрлі жарақаттары бар ұл бала Астана қаласындағы №2 көпсалалы қалалық балалар ауруханасына жатқызылды.
Ақмола облысының Денсаулық сақтау басқармасы зардап шеккен баланың жағдайына қатысты түсініктеме берді:
"2020 жылы туған бала. Қойылған диагноз: жабық бас миының жарақаты, кеуде қуысының жарақаты, қарын тұсына келтірілген қатты жарақат. Дәрігерлер оның жағдайын "орташа ауырлық дәрежесінде" деп бағалайды".
ТЖМ осындай жағдайлар қайталанбас үшін ата-аналарға балаларын қараусыз қалдырмауды ескертеді. Сондай-ақ:
- москит торларына сенбеңіз. Олар құлаудан қорғауға арналмаған;
- балаларға ересектердің қарауынсыз балконға шығуға рұқсат бермеңіз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:05, 19 шілде 2026
Иранның Иорданиядағы шабуылынан екі америкалық әскери қаза тапты
-
10:49, 19 шілде 2026
Александр Шевченко Гштаадтағы ATP 250 турнирінің жартылай финалында тоқтады
-
10:02, 19 шілде 2026
Мбаппе әлем чемпионаттарындағы гол саны бойынша Мессидің рекордын жаңартты
-
09:15, 19 шілде 2026
«Қазгидромет» Алматы және тағы бірнеше қала тұрғындарына ескерту жасады
-
17:15, 18 шілде 2026
Астанада полицейлер жоғалған 6 жасар баланы жедел тауып, ата-анасымен қауыштырды





