Айқын сүйіктісі Жұлдыз Өмірғалиге продюсер болмақ
Әнші Айқын Төлепберген өзіне ұл туып берген сүйіктісі Жұлдыз Өмірғалиге продюсер болмақ. Айқын Жұлдызды жеке әнші ретінде Жаңа жылда таныстырмақшы. Бұл туралы 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасында айтылды, - деп жазады Stan.kz.
“Айқын Төлепберген КешYou тобының бұрынғы әншісі Жұлдыз Өмірғалиге продюсер болмақ. Бұл ақпаратты жұлдызды жұптың жақындары хабарлады. Әзірге Жұлдыздың декреттік демалыстан кейінгі үлкен сахнаға оралу уақыты белгісіз. Дегенмен сенімді дереккөздеріне сүйенсек, әнші Айқын сүйіктісі Жұлдыз Өмірғалиді Жаңа жылда жеке әнші ретінде таныстырғалы жүр екен”, – делінді “Айта берсін” бағдарламасында.
Аталған жайтқа қатысты Айқынның жақын досы Дастан Оразбеков пікірін білдірді.
“Бос уақыты болып жатса, неге болмасқа? Менде мысалға бос уақыт жоқ. Мен сондықтан да бола алмаймын. Жұлдызды жұптар көп, Құралай мен Мирас, Жанболат пен Жазира… Бәрі ерлі-зайыптылар. Ақыры ондай болып жатса, ол халықтың сұранысынан. Сондықтан да менің ойымша әбден мүмкін”, – деген Дастан досы Айқынның жеке өмірі жайында бар шындықты жайып сала жаздады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:58, 14 желтоқсан 2025
«Шұғыл ақша керек». Назым Қызайбай өзіне сыйға тартылған көлікті сатпақшы
-
17:50, 14 желтоқсан 2025
Астана, Алматы және еліміздің 14 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
-
16:53, 14 желтоқсан 2025
БҚО-да қатты боран соғып, кейбір елдімекендер жарықсыз қалды
-
16:42, 14 желтоқсан 2025
«Қалың қар жауып, қатты жел соғады». Дүйсенбіге арналған ауа райы болжамы
-
15:58, 14 желтоқсан 2025
Атырауда барлық оқушы ертең онлайн оқитын болады





