Ағайынды салафиттер теракт туралы хабарлап, полицейлерді соққыға жықты

16:00, 16 тамыз 2018

Ақтөбеде экстремистік діни көзқарастағы егіздер ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Ведомство мәліметінше, 29 шілдеде егіз жігіттердің бірі 102 нөміріне хабарласып, әзірленіп жатқан теракт туралы хабар береді.

Полицейлер қоңыраудың мекенжайын анықтап, сол жерде хабар беруші жігіт пен оның сыңарының үстінен түседі.

"Есірткі шегіп алған екен, ештеңе түсіндіріп айта алмады, әкімшілік қамауға алу үшін абақтыға жеткізбек болғанда қарсылық көрсетті. Ағайындылардың бірі қашпақ болып, Ақтөбе ІІБ-нің екі қызметкеріне қол көтерді", — деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметі.

Сонымен бірге, ұсталған егіздердің мінез-құлқын тексеру барысында олардың салафиттік теріс діни наным-сенімді ұстанатыны анықталды.

ІІМ мәліметіне сүйенсек, ұсталғандарға қатысты ұсақ бұзақылық бабы бойынша әкімішілік хаттама толтырылып, полицейлерді ұрып-соққан ер адам ҚК 380-бабы 1-тармағы (билік өкіліне қарсы күш қолдану) бойынша жауапқа тартылады.

Жалған терроризм үшін қылмыстық іс қозғала ма, жоқ па – хабарланбады.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!