«ADAL» Алматы облысында: өтініштердің 70% - тұрғын үй жағдайларына байланысты шағымдар

19:14, 12 желтоқсан 2020

Бүгін, 2020 жылдың 12 желтоқсан күні «ADAL» партиясынан Мәжіліс депутаттығына үміткерлердің Алматы облысының тұрғындарымен кезекті кездесулері өтті, деп хабарлайды Mail.KZ.

 

Кездесуге қатысқан:

 
  • Ардақ Назаров - белгілі спортшы, қоғам қайраткері;
  • Дәулет Мұқаев - тележурналист, қоғам қайраткері;
  • Мақсат Толықбай - белгілі тележурналист, «Ашық алаң» тележобасының жүргізушісі;
  • Лаззат Чинкисбаева – «Менің Атамекенім» әлеуметтік қорының төрағасы, қоғам қайраткері;
 

«ADAL» кандидаттары өңірге сапарының екінші күні Қарасай ауданына барды. Осылайша, партия өкілдері Қаскелең қаласының тұрғындарымен көшелерді аралап жүріп әңгімелесті. Қала тұрғындары бірнеше түйінді проблемаларын айтып шағымданды. Олар жолдардың нашарлығы мен бюджетті мақсатсыз пайдалануға саяды. Тұрғындардың 70 %-тұрғын үй мәселесін көтерген. Өз кезегінде «ADAL» партиясынан депутаттыққа кандидат Мақсат Толықбай облыстық бюджеттің қалай бөлінетіндігін түсіндіре отырып, партияның ресми сайтындағы ақпаратпен бөлісті:

"Біздің сайтымыздың мәліметі бойынша, Қарасай ауданының бюджеті 1,5 миллиард теңгені құрайды. Бұл бюджеттен 36 % трансферттерге, 26 % жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтерге, 23 % отын-энергетика кешеніне және жер қойнауын пайдалануға, 5% ауыл шаруашылығына және т.б. жұмсалады" деді спикер. 

Мақсат Толықбай партия сайтын ашып, смартфонынан барлық ақпаратты көрсетті.

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына тағы бір кандидат Даулет Мұқаев «Сіздің өңіріңіздің бизнес идеялары» сервисі туралы айтып, ауданда нақты не жетіспейтінін жеткізді, атап айтқанда: банкоматтар, ТҚС, қоқыс тасығыш қызметтері және т.б.

Одан әрі партия өкілдері «Жетісу» ӘКК қызметкерлерімен кездесті. Спикер ретінде Ардак Назаров пен Лаззат Чинкисбаева сөз сөйледі. Олар партияның бастамалары мен негізгі бағыттары туралы айтып берді.

Кездесу барысында ауылдық жерлердің өзекті мәселелері талқыланды. Лаззат Чинкисбаева барлық проблемалар жергілікті жерлерде жедел шешілуі тиіс екенін атап өтті.

Айнұр есімді көп балалы ана депутаттыққа үміткерлерге өзінің проблемасы туралы айтты. Оның балалары кішкентай болғандықтан, жұмысқа шыға алмай жүр екен. Нәтижесінде ол несие төлеу проблемасына тап болған. Айнұр егер несиесін төлеу кестесін қайта қарап берсе, төлеуден бас тартпайтынын да айтты.

«ADAL» партиясынан депутаттыққа кандидат Лаззат Чинкисбаева көптеген қазақстандықтар осындай проблемаларға тап болып отырғанын мойындады. Сондықтан партия жеке тұлғалар үшін банкроттық институтын енгізуді ұсынады. Партия өкілдері елдің әр тұрғыны шешілмейтін қиындықтарға тап болып, қарызды есептен шығаруға немесе несие бойынша төлем кестесін қайта қарауға құқылы екенін айтты.

Өз кезегінде Дәулет Мұқаев тұрғын үйдің қолжетімділігі туралы көпшілікті толғандыратын сауалға жауап берді. Депутаттыққа кандидат «ADAL» партиясы бұл мәселені кезектегі барлық тұрғандар – жергілікті бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік осал санаттар үшін ипотека бойынша бастапқы жарнаға тұрғын үй сертификаттарын тағайындау есебінен шешуді ұсынып отырғанын еске салды.

Сондай-ақ депутаттыққа кандидаттар Ұзынағаш ауылында халықпен кездесу өткізді. Іс-шара диалог форматында өтті. Кездесу барысында Дәулет Мұқаев кездесу қонақтарына партия сайтының ең пайдалы функцияларын және қандай мүмкіндіктерді пайдалануға болатынын егжей-тегжейлі баяндап берді.

Айта кетейік, өз аймағыңыздың проблемалары мен бюджеті туралы, сондай-ақ партияның басқа да маңызды бастамаларын аdalpartiyasy.kz сайтынан білуге болады.

Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылдың 11 қаңтарында кезекті парламенттік сайлау өтеді. Қараша айында «ADAL» партиясы сайлауалды бағдарламасының жобасын таныстырды. Құжат 5 негізгі бағыттан тұрады:

 

  • Барлық азаматтар үшін лайықты өмір;
  • Кәсіпкерлік - табысты мемлекеттің негізі;
  • АӨК дамуы және азық-түлік қауіпсіздігі;
  • Қуатты өңірлер - қуатты ел;
  • Адамдарға арналған мемлекет.

 

Анықтама:

2013 жылы Қазақстанда «Бірлік» саяси партиясы құрылды. Партия төрағасы Серік Сұлтанғали.

2020 жылдың 5 қарашасында «Бірлік «атауын» ADAL» (қаз. "адал" — "адалдық").

 

Партияның Саяси кеңесі мүшелерінің құрамында:

Серік Сұлтанғали, Эльдар Жұмағазиев, Ардақ Назаров, Алина Асқарова, Мақсат Толықбай, Алмазбек Садырбаев, Дәулет Мұқашев, Олжас Ордабаев, Игорь Шацкий, Лаура Маликова, ЛаззатЧинкисбаева, Жигули Дайрабаев, Ғалымбек Жақсылықов, Ақмарал Бекмурзаева, Нұрлыбек Мәлелов, Ғани Абадан.


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!