Белгілі әнші Гүлзира Бөкейхан дүниеден өтті
© Сурет: Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
Белгілі әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Гүлзира Бөкейхан дүниеден өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі марқұмның отбасы мен туыстарына, туған халқына көңіл айтты.
"Гүлзира Бөкейхан – қазақтың дәстүрлі ән өнерін өркендетуге үлес қосқан дара талант иесі еді. Ол халықтық және кәсіби композиторлардың таңдаулы туындыларын асқан шеберлікпен орындап, ұлттық мәдениетіміздің бай қазынасын танытты. Көне халық әндерін жаңғыртуға да айрықша үлес қосып, сирек мұраларды заманауи өңдеуден өткізіп, сахнаға шығарды", - делінген хабарламада.
Астана мемлекеттік филармониясында және Президенттік мәдениет орталығында қызмет еткен Гүлзира Бөкейхан өмір бойы қазақ өнерінің абыройын асқақтатуға адал қызмет етті.
"Өмірін ұлттық мәдениетке арнаған абзал жанның жарқын бейнесі халық жадында мәңгі сақталады деп сенеміз. Марқұмның жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын! Алланың рақымы мен мейірімі жолдас болып, рухы пейіште шалқысын!"Мәдениет және ақпарат министрлігі
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
21:07, 20 қаңтар 2026
Абай облысында рұқсатсыз қоқыс тасталған 191 орын анықталды
-
20:48, 20 қаңтар 2026
Бубликтің Australian Open-2026 турниріндегі нәтижесі қандай болмақ
-
20:22, 20 қаңтар 2026
Футзалдан Қазақстан U-19 құрамасының аға бапкері тағайындалды
-
19:46, 20 қаңтар 2026
Шымкентте жүргізуші куәлігін алу емтиханы кезінде автокөлік аударылып кеткен
-
19:31, 20 қаңтар 2026
Астанада өртеніп жатқан автоүйден екі газ баллоны шығарылды





