Абай облысында ҚАЖД мекемесіне есірткі лақтырмақ болған ер адам ұсталды
© Сурет: ҚР ІІМ
Абай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қауіпсіздігі аралас мекеме аумағына есірткі заттарын лақтыру фактісінің алдын алынды.
№19 мекемесінің іргелес аймағында, мекеменің жедел бөлімінің қызметкерлері ер адамды ұстады. Ол скотчпен оралған буманы қоршау үстінен ішке лақтыруға тырысқан.
Буманы ашқан кезде, ішінен 19 грамнан астам гашиш және 55 грамнан астам марихуана есірткі заттары табылды.
"Осы факті бойынша Семей қаласы полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы шақырылды. Ұсталған адамға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды", – деп атап өтті жедел бөлім бастығы Ельжас Айткалиев.
Естеріңізге сала кетейік, есірткі заттарын заңсыз жібергені не өткізгені үшін Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 297-бабының 1-бөлігі 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жаза қарастырылған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
20:50, 23 желтоқсан 2024
«Тұман, боран, көктайғақ». Еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
-
20:29, 23 желтоқсан 2024
Атырауда дүкенге кетіп, сол күйі оралмаған 11 жасар бала табылмай жатыр
-
20:29, 23 желтоқсан 2024
Атырауда дүкенде кетіп, сол күйі оралмаған 11 жасар бала табылмай жатыр
-
19:47, 23 желтоқсан 2024
«OLX-тегі жарнама». Танысынан кек алмақ болған астаналық қомақты өтемақы төлейтін болды
-
19:33, 23 желтоқсан 2024
Алматыда айдауыл қызметі көлігінен қашып кеткен сотталушы ұсталды