2026 жылы мониторингке алынатын ірі салық төлеушілер: тізімде 524 компания

09:45, 25 желтоқсан 2025

© Фото: pexels

Қаржы министрі 2025 жылғы 18 желтоқсанда "Ірі салық төлеушілер мониторингіне қатысушылар тізбесін бекіту туралы" бұйрыққа қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

2026 жылдан бастап ірі салық төлеушілер мониторингіне қатысушылар тізіміне 524 компания енгізілді.

Олардың қатарында, атап айтқанда, мыналар бар:

  • Karachaganak Petroleum Operating B.V. компаниясының Қазақстандағы филиалы;
  • "BG Karachaganak Limited" (Ақсай қ.) филиалы;
  • "Chevron International Petroleum Company" компаниясының филиалы;
  • "LUKOIL Overseas Karachaganak B.V." филиалы;
  • "ҚМГ Қарашығанақ" ЖШС;
  • "North Caspian Operating Company N.V." филиалы;
  • "ExxonMobil Kazakhstan Inc." корпорациясының Қазақстан Республикасындағы филиалы;
  • "Shell Kazakhstan Development B.V." ("Шелл Қазақстан Девелопмент Б.В.") компаниясының Қазақстан Республикасындағы филиалы;
  • "Өзенмұнайгаз" АҚ;
  • "ҚазАзот" АҚ;
  • "Қазмырыш" ЖШС;
  • "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС;
  • "Қазхром" трансұлттық компаниясы" АҚ;
  • "Qarmet" АҚ;
  • "KAZ Minerals Bozshakol" ЖШС ("ҚАЗ Минералз Бозшакөл");
  • "Соколов–Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігі" АҚ;
  • "Қазақстан электролиз зауыты" АҚ;
  • "Алюминий Қазақстан" АҚ;
  • "Богатырь Көмір" ЖШС;
  • "Шардара су электр станциясы" АҚ және басқа да ұйымдар.

Ірі салық төлеушілер мониторингі ірі салық төлеушілер мониторингіне қатысушылар тізбесіне енгізілген салық төлеушілерге қатысты жүргізіледі.

Қатысушылар тізімі тізім қолданысқа енгізілетін жылға дейінгі жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша ұсынылған салықтық есептілік деректері негізінде қалыптастырылады.

Тізім қолданысқа енгізілген күннен бастап екі жыл бойы жарамды болып табылады және оның қолданылу кезеңінде қайта қаралмайды. Тек салық төлеушілерді тізімге енгізуге негіз болған шарттар өзгерген жағдайлар ғана бұған ерекшелік болып саналады.

Аталған бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!