14 жыл бойы жасырынған: Шымкентте халықаралық іздеуде жүрген шетелдік ұсталды

16:00, 21 ақпан 2024

© Сурет: Zakon.kz

Шымкентте халықаралық іздеуде жүрген шетелдік азамат ұсталды. Ол 14 жыл бойы жазасын өтеуден қашып жүрген.

38 жастағы ер адамды Тұран ауданының көші-қон қызметкерлері рейдтік шара жүргізу барысында анықтады.

Ел аумағында заңсыз жүріп-тұрған шетелдік ұзақ жылдар бойы қылмыстық қудалаудан жасырынып келгені белгілі болды.

Оған қатысты ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін 2010 жылы ташкенттік құқық қорғаушылар қылмыстық іс қозғаған.

ҚР көші-қон саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін ер адамға ӘҚБтК-тің 517-бабына сәйкес шара қабылданды. Қазіргі таңда ұсталған азамат өз еліне жіберілді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!