19 жастағы үш турист Букреев шыңында адасып кетті

09:50, 10 қыркүйек 2024

© Фото: Zakon.kz

Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары 9 қыркүйекте Букреев шыңынан түсу кезінде адасқан үш жас жігітке көмек көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

РЖҚЖ баспасөз қызметі атап өткендей, 19 жастағы үш ер бала Букреев шыңына көтеріліп, жаңа бағытты зерттемей төмен түсіп, адасып кеткен. Төбелерден ұялы байланыс ұстап құтқарушыларды көмекке шақырған.

РЖҚЖ жедел тобы құтқарушылары жігіттердің жіберген геолокациясы бойынша тауға көтерілген, бірақ оқиға орнынан таба алмаған. Себебі олар өз күштерімен түсуге шешім қабылдап, құтқарушыларды ескертпей төмен түсіп кеткен екен. Құтқарушылар оларға жетіп алып, жақын аялдамаға дейін түсірді.

7 қыркүйекте Маңғыстау облысындағы ауылдардың бірінде қоқыс таситын көлік өртенді. Ауыр көлік 120 литрлік газ баллонымен жабдықталғандықтан, ыстыққа шыдамай жарылды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!