82 жастағы Нұрғали Нүсіпжанов 37 жастағы әйелге үйленді
Қазақстанның халық әртісі Нұрғали Нүсіпжанов Жадыра Сейдешке үйленді. Мұны тойда болған Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Меруерт Өтекешова растады, деп хабарлайды Sputnik.
"Нұрғали Нүсіпжанов пен Жадыра Сейдештің үйленгені рас. Той кеше Алматыда өтті. Оған мен де қатыстым. Той өте керемет өтті. Нұрғали Нүсіпжановтың ең жақын достары болды. Оның ішінде мен де бармын. Оларға тек қана зор денсаулық, бақыт тілеймін", - деді Sputnik Қазақстан тілшісіне тойда болған белгілі актриса Меруерт Өтекешова.
Нұрғали Нүсіпжановтың таңдаған жары – Жадыра Сейдеш 1982 жылы дүниеге келген.
Ол Қазақ радиосында, КТК арнасында көп жыл журналист, тележүргізуші болып істеген.
2015 жылы "Жүрекжарды" авторлық бағдарламасы үшін "Серпер" жастар сыйлығының лауреаты атанды.
Нұрғали Нүсіпжанов 1937 жылы 5 қаңтарда Талдықорған облысының Гвардия ауданындағы Күреңбелдің (Алтынемел) жанындағы Доланалы ауылында туған. Ол - Қазақстанның халық әртісі. Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Парасат, Құрмет ордендерінің иегері.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:58, 14 желтоқсан 2025
«Шұғыл ақша керек». Назым Қызайбай өзіне сыйға тартылған көлікті сатпақшы
-
17:50, 14 желтоқсан 2025
Астана, Алматы және еліміздің 14 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
-
16:53, 14 желтоқсан 2025
БҚО-да қатты боран соғып, кейбір елдімекендер жарықсыз қалды
-
16:42, 14 желтоқсан 2025
«Қалың қар жауып, қатты жел соғады». Дүйсенбіге арналған ауа райы болжамы
-
15:58, 14 желтоқсан 2025
Атырауда барлық оқушы ертең онлайн оқитын болады





