21 жастағы мәскеулік қыз пилондағы жаттығулардан кейін вирустық ауруға шалдыққан

12:30, 8 қаңтар 2026

© Сурет: freepik

Мәскеу қаласының тұрғыны стрип-пластикамен айналысқаннан кейін терінің вирустық ауруы – контагиозды моллюскті жұқтырған, деп хабарлайды Zakon.kz.

SHOT басылымының мәліметінше, 21 жастағы Анастасия бастапқыда денесіндегі өзгерістерді жай ғана тері қабынуы деп ойлаған. Алайда дәрігерлер тексеруден кейін оған "контагиозды моллюск" диагнозын қойған.

Ауру кезінде теріде қызғылт, інжу түстес, жартылай домалақ түйіндер пайда болады.

Бұл дерт жанасу арқылы жұғады, ал иммунитет әлсіреген жағдайда жұқтыру қаупі жоғарылайды. Спортшы қыздың айтуынша, инфекцияның тарауына гигиеналық талаптар сақталмаған залдардағы пилонмен жаттығулар себеп болуы мүмкін.

Сонымен қатар ол би кезінде еденде жиі жаттығатынын айтты. Дәрігерлердің сөзінше, соңғы уақытта мұндай жағдайлар жиі кездесуде.

Бұған дейін Филиппинде қатты жер сілкінісі болғанын жазғанбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!