15-16 жастағы қыздар махаббатқа мастанып, үйден қашуды шығарды

15:39, 21 желтоқсан 2020
1073

Елімізде оқушы қыздардың үйден қашуы жиілеп кетті. Мәселен, түркістандық тәртіп сақшыларын аяғынан тік тұрғызған 16 жастағы бойжеткен ақыры жігітінің қасынан табылыпты. Ол ғашығымен желі арқылы танысқан екен. Сөйтіп, сүйгенінің сөзіне еріп, ата-анасына айтпастан үйден кетуді жөн санапты.

Тура осыған ұқсас жағдай Жамбыл облысында да болды. Мұнда 15 жастағы жасөспірім әке-шешесіне ренжіп, ғаламтор арқылы танысқан бейтаныс біреумен кетіп қалған. Бесіктен белі шықпаған қыздар арасында мұндай тенденция неге белен алып барады? Оның соңы неге әкеп соғуы мүмкін?

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Махаббатқа мастанып, ғашығы үшін үйден қашатындардың дені 15 жасар қыздар екен. Жасөспірімдік кезеңнің салқыны ма кім білсін, бірақ соңғы кездері мұндай жайттар тым жиілеп кеткен.
Мәселен, сүйгені үшін үйден кететіндердің дені сезімін уатсап арқылы білдірген екен. Қазір желіге кірсең, алып қашты емес, қашып кетті деген жаңалық көз сүрінеді. Соңғысы Арыс қаласында болған екен. Өткен жұмада 16 жасар қыздың іс-түссіз жоғалғаны туралы ақпарат тараған еді. Сөйтсе.

Салтанат Қаракөзова, облыстық ПД баспасөз хатшысы:

Қыз әлеуметтік желі арқылы бір жігітпен хат алмасып жүріп, соған қашып кетеді. Қазір қыз аман-сау ата-анасына оралды. Өз кезегінде ПД қызметкерлері ата-аналардан өтініп сұрайтымыз, әр балаға көңіл бөліп, әлеуметтік желіде олар кіммен араласып, хат алмасып тұратынын білу қажет.

Аз ба, көп пе қайдам, соңғы екі айда елде, дәлірек Шымкент, Қостанай, Алматы және Ақтөбе қалаларында осы сарындағы онға жуық дерек тіркеліпті. Дегенмен, бұдан да көп болуы бек мүмкін. Бұл тек назарымызға ілінгендері ғана. Күздің алғашқы айында ел-жұрттың төбесін тік тұрғызған ақтөбелік қос ғашық есіңізде болар?

Қыздың анасы:

Қыздың қандай жағдайда болғанын білуім менің міндетім. Үйге қыз қонбағасын. Екеуі бір-бірін жақсы көріп қашты, жыныстық қатынасқа түсті.

Сезімге ерік беріп, жүректің әміріне бағынған 17 жасар бозбала өзінен екі жас кіші қызбен жыныстық қатынасқа түскен деп айыпталған еді.

Анар Қошанова, күдіктінің анасы:

Қаншама өзі кішкентай балаларды зорлаған, мусорға лақтырып кеткендері де бар. осыларды неге жазаламайды? Баламның не жазығы бар? Шынайы махаббатпен ол түрмеге отырғызуға бола ма баланы?

Алайда, оң-солын ажыратпаған қыздардың үйден қашуына махаббат қана түрткі болмайды екен. Білетендер, бұған ғашықтық емес, ата-ана мен бала арасындағы қашықтық себеп дейді.

Анаргүл Ибраимбекова, психолог:

Көп жағдайда осы жерде ата-ана тарапынан түсініспеушілік болған жайдайда бала үйден қашуға соған жақын болып жатады. Басқа адамдардан жылулық іздейді. Басқа адамдардан көңіл бөлушілікті іздейді.

Бұл бір деңіз. Екінші себеп.

Анаргүл Ибраимбекова, психолог:

Өте қатты қадағалаушылық болатын болса, баланың үйіне келуін қатты қадағалап отырса, мектепке баруын қадағалап отырса және де баланы қатты қамқорлықта ұстайтын болса, осы жерде балада іштей ата-анасына ашу ызасын тудыру мақсатында үйден кетіп қалу жағдайлары болады.

Алайда, үйден қашқан кезде ата-ана ашуға емес, уайымға салынатынын қайдан білсін? Оған қоса, махаббатқа мастанып, шалыс басқандары қаншама. Ақтөбелік қос ғашық соның айқын дәлелі. Ал оқушылардың ересек өмірге ерте араласуы түптін-түбінде жақсылыққа апармасы анық. Білетіндер солай дейді.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!