«Қазгидромет» жасанды жаңбыр жөніндегі қауесетке жауап берді

18:46, 9 маусым 2026

© Фото: unsplash

Түркістан облысында жауын-шашын мөлшерін жасанды түрде арттыру жөніндегі пилоттық жоба басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жоба Біріккен Араб Әмірліктерінің Ұлттық метеорологиялық орталығы, Түркістан облысының әкімдігі, ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі, "Қазгидромет" РМК және "Қазаэронавигация" РМК-ның бірлесуімен жүзеге асырылып жатыр.

"Жобаның дайындық кезеңінде 2020-2024 жылдар аралығындағы 39 метеостанцияның деректері негізінде ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілді. Атмосфералық үдерістер мен жер бедерінің ерекшеліктерін кешенді талдау нәтижесінде Түркістан облысы пилоттық жоба үшін ең перспективалы аумақ ретінде айқындалды", – делінген хабарламада.

Жауын-шашын мөлшерін жасанды түрде арттыру технологиясы тек табиғи жолмен қалыптасқан тік бағытта дамыған будақ-жаңбырлы (Cumulonimbus) бұлттар болған жағдайда ғана қолданылады. Әсер ету үдерісі жергілікті әрі қысқа мерзімді сипатқа ие, климаттық үдерістерге ықпал етпейді және ауа массаларының қозғалысын өзгертпейді.

"Қазгидромет" РМК жобаға ғылыми-метеорологиялық сүйемелдеу көрсетеді: атмосфераға тәулік бойы мониторинг жүргізеді, спутниктік суреттер мен синоптикалық деректерді талдайды, бұлт жүйелерін бақылайды, сондай-ақ түскен жауын-шашын мөлшеріне бағалау жүргізеді.

Алынған деректер технологияның тиімділігіне ғылыми тұрғыдан баға беруге және оның өңірдің су теңгерімі мен ауыл шаруашылығы аумақтарын қолдаудағы әлеуетін зерделеуге мүмкіндік береді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!