Қарағанды облысында құтқарушылар 15 жастағы қыздың мәйітін тапты
© Сурет: pixabay
Қарағанды облысында өзенге батып кеткен 15 жастағы қыздың мәйіті табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қарағанды облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға Бұқар жырау ауданындағы Көкпекті ауылында, Көкпекті өзенінде болған.
Шомылуға тыйым салынған жерде 2011 жылы туған қыз суға батып кеткен.
"Алдын ала мәлімет бойынша, бір топ жасөспірім ересектердің қарауынсыз су айдынының маңында болып, өзенге шомылған. Оқиға орнына келген құтқарушылар қыздың мәйітін жағалаудан шамамен 20 метр қашықтықта, төрт метр тереңдіктен тапты", – деп хабарлады құтқарушылар.
Сондай-ақ ведомство өкілдері өзеннің аталған бөлігінде шомылуға тыйым салынғанын білдіретін белгі орнатылғанын атап өтті. Бұл белгі 2026 жылғы 2 маусымда қойылған. Бұдан бөлек, жазғы демалыс басталар алдында мектеп әкімшілігі оқушыларға су айдындарындағы қауіпсіздік ережелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізген.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
09:26, 14 шілде 2026
Аптап ыстықта ауа баптағышсыз пәтерді қалай салқындатуға болады: ДДСҰ кеңес берді
-
09:16, 14 шілде 2026
Елімізде қанша нәзік жанды Қазақстан армиясында қызмет етеді
-
09:05, 14 шілде 2026
Алматыда Төле би көшесін ұзарту жұмыстарының жаңа кезеңі басталды: қозғалыс 25 тамызға дейін шектеледі
-
23:13, 13 шілде 2026
Тоқаев Қатар әміріне көңіл айту үшін Дохаға барды
-
22:47, 13 шілде 2026
25 жыл түрмеде отырған қауіпті қылмыскер қайтадан күдікке ілікті





