1 шілдедегі саудада доллар бағамы айтарлықтай өсті

15:58, 1 шілде 2024

© Сурет: Zakon.kz

Қазақстан қор биржасы (KASE) 1 шілдеде сағат 15:30-да шетел валюталары бойынша сауда-саттықты жапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы тағы 3,34 теңгеге қымбаттап, 475,18 теңге болды.

Қытайдағы мерекеге байланысты юаньмен сауда болған жоқ.

Ақша айырбастау орындарында доллар 474,3-476,9 теңгеге, еуро 510-514 теңгеге, ресей рублі 5,33-5,45 теңгеге сатылуда.

Сонымен бірге, 1 шілдеде әлемдік мұнай бағасының өсуі жалғасуда.

Осылайша, ICE Futures электрондық саудасында қыркүйек айындағы Brent фьючерстерінің құны 0,76%-ға өсіп, барреліне $85,65 құрады.

NYMEX электрондық саудасында WTI мұнайының тамыздағы фьючерстері 0,82%-ға өсіп, барреліне 82,21 долларды құрады.

Ұлттық банк бұған дейін доллар бағамын 471,46 теңге, еуроны 504,79 теңге, рубльді 5,53 теңге деп белгілеген болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!