63 мыңнан 110 мың теңгеге дейін: 2025 жылы көпбалалы отбасыларға қандай жәрдемақылар төленді
© Фото: Zakon.kz
2025 жылы көпбалалы отбасылар мен марапатталған аналарға мемлекеттік жәрдемақылар арқылы орта есеппен 850,3 мың адам қамтылды. Төлемдердің жалпы көлемі 608,9 млрд теңгені құрады, деп хабарлады Zakon.kz ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
2025 жылдың желтоқсан айында жоғарыда аталған жәрдемақылармен 876,7 мың отбасы жалпы сомасы 53,1 млрд теңге мөлшерінде, оның ішінде: көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақымен 628,3 мың отбасы 46,4 млрд теңгеге; наградталған анаға берілетін жәрдемақымен 248,4 мың адам 6,6 млрд теңге мөлшерінде қамтылды.
Көпбалалы отбасыға берілетін мемлекеттік жәрдемақыға 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар табысына қарамастан үміткер бола алады.
Төлем мөлшері бала санына қарай есептеліп төленеді және 2025 жылы:
- 4 баласы бар отбасыларға – 16,03 АЕК немесе 63 030 теңге;
- 5 балаға – 20,04 АЕК немесе 78 798 теңге;
- 6 балаға – 24,05 АЕК немесе 94 565 теңге;
- 7 балаға – 28,06 АЕК немесе 110 332 теңге;
- 8 және одан да көп баласы бар отбасыларға – әр балаға 4 АЕК немесе 15 728 теңге мөлшерінде төленді.
Наградталған анаға берілетін жәрдемақы "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған аналарға тағайындалады.
2025 жылы бұл жәрдемақы ай сайын келесі мөлшерде төленді:
- "Күміс алқа" алқасымен наградталған аналарға – 6,40 АЕК немесе 25 165 теңге;
- "Алтын алқа" алқасымен наградталған немесе бұрын "Батыр Ана" атағын алған, І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған аналарға – 7,40 АЕК немесе 29 097 теңге.
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап балалы отбасыларға тағайындалатын мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері 10%-ға артқанын атап өтеміз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:12, 21 қаңтар 2026
Үндістанда қаржылық дағдарыс төрт адамның өліміне алып келді
-
12:07, 21 қаңтар 2026
Қытайда егіз ағайындылар егіз әпкелі-сіңлілерге үйленді, тойға олардың егіз ағалары да келді
-
11:52, 21 қаңтар 2026
Жұманғарин Қазақстандағы инфляцияны тежеу үшін қандай шаралар қарастырылып жатқанын айтты
-
11:47, 21 қаңтар 2026
Ақтөбе облысында қалың қарда мал іздеуге шығып, жолда қалған ер адам құтқарылды
-
11:35, 21 қаңтар 2026
Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева тыңдармандарына алғысын білдірді





