Жұманғарин Қазақстандағы инфляцияны тежеу үшін қандай шаралар қарастырылып жатқанын айтты

11:52, 21 қаңтар 2026

© Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин

2026 жылғы 21 қаңтарда Үкімет отырысында премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин инфляцияны тежеуге бағытталған шаралар туралы хабарлады, деп жазады Zakon.kz.

Министрдің айтуынша, инфляцияны 9–11% деңгейіне дейін төмендету үшін шаралар қабылданады.

"Негізгі назар отандық азық-түлік өндірісін арттыруға, ішкі нарықты қанықтыруға, тауарлық нарықтардағы теңгерімсіздіктердің алдын алуға, өнімді тиімді сақтау мен тасымалдау инфрақұрылымын дамытуға бағытталады. Биылдан бастап әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларының тізімі 19-дан 31 атауға кеңейтілді", – деді Серік Жұманғарин.

Сонымен қатар, министр табиғи монополия субъектілері көрсететін қызметтер тарифтерінің өсуінің инфляцияға әсері инфляция мақсатты көрсеткіштерімен үйлестіріліп шектелетінін атап өтті.

Бұған дейін Серік Жұманғарин Үкімет отырысында халықтың нақты табысын арттыру үшін жоспарланып отырған шаралар туралы да хабарлаған болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!