16 мыңнан астам айыппұл және арнайы тұрақ: Алматыда жүк көліктеріне бақылау күшейтілді
© Фото: pexels
Алматыда жүк көліктерінің техникалық жағдайын бақылау күшейтілді. Бұл туралы Zakon.kz тілшісіне қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Ведомствоның 2026 жылғы 6 тамыздағы дерегіне сәйкес, қалада 48 мыңнан астам жүк көлігі тіркелген. Жыл басынан бергі жеті айда жүк көліктерінің 16 мыңнан астам жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Сонымен қатар полицейлер техникалық ақауы бар көлікті басқарудың 1033 дерегін анықтады.
"Тағы 229 жүргізуші пайдаланылған газ құрамындағы ластаушы заттардың рұқсат етілген мөлшерден асып кетуіне байланысты жауапкершілікке тартылды. 42 жүк көлігі мамандандырылған тұраққа қойылды", – деп хабарлады Алматы қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қосымша мәліметке сәйкес, шілде айының ортасынан бері мамандандырылған мобильді топ Жол қозғалысы қағидаларын бұзудың 428 дерегін анықтаған. 21 жүк көлігі мамандандырылған айыптұраққа қойылды.
Алматы қаласы Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Әбдинұр Тасыбаев жолға шығатын әрбір жүк көлігі қауіпсіздік талаптары мен экологиялық нормаларға сай болуы керектігін атап өтті.
"Тежегіш жүйесінің ақауы, тозған дөңгелектер мен пайдаланылған газдың шамадан тыс түтіндеуі – ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін нақты қауіп факторлары. Бақылау жұмыстары жалғасады", – деді Әбдинұр Тасыбаев.
Бұған дейін, 27 шілдеде, қалада сұйық тұрмыстық қалдықтарды заңсыз төгуге қарсы бақылау да күшейтілгені хабарланған еді. Тексеруге бейнебақылау камераларындағы жазбалар, тұрғындардың хабарламалары және мониторинг нәтижелері негіз болады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:52, 6 тамыз 2026
Өзін ауқаттылардың санатына жатқызу үшін табыс деңгейі қандай болуы керек - қазақстандықтар жауап берді
-
15:43, 6 тамыз 2026
Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек
-
15:35, 6 тамыз 2026
Германияда римдиктер салған 2000 жыл бұрынғы құпия жол табылды
-
15:23, 6 тамыз 2026
Оралда «Халық Қаһарманы» Иван Степанович Гапичті ақтық сапарға шығарып салды
-
15:15, 6 тамыз 2026
7 тамыздан бастап Алматыдан Таразға жету қиындайды





