2,3 миллиард доллар аударылды – Тоқаев «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы туралы айтты
© Фото: Zakon.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында әлеуметтік саясаттың маңызды бағыттарының бірі ретінде балаларды қолдауға арналған бағдарламалардың нәтижесіне тоқталды.
Президенттің айтуынша, жаңа Конституцияда табиғи байлық азаматтардың бастапқы капиталы ретінде бекітілді. Оның сөзінше, Қазақстан бұл бастаманы жүзеге асырған өңірдегі алғашқы мемлекет болды.
"Біз арнайы конституциялық нормаға сүйене отырып, табиғи байлықты азаматтардың бастапқы капиталы ретінде бекіттік. Қазақстан – осындай бірегей бастаманы іске асырған аймақтағы алғашқы мемлекет", – деді Мемлекет басшысы.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың мәліметінше, осы қағидаттың нақты көрінісі – "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы.
""Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы – соның айқын дәлелі. Бұл жобаның тиімділігі жоғары: үш жылдың ішінде 6,5 миллион баланың есепшотына 2,3 миллиард доллар аударылды", – деді Президент.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы әлеуметтік қолдау шараларының жалғасы ретінде "Келешек" жинақтау жүйесі іске қосылғанын атап өтті. Оның айтуынша, мемлекет дарынды балаларды, оның ішінде халықаралық олимпиада жеңімпаздарын жүйелі түрде қолдай бастады.
Президент мұндай бастамаларды елдің болашағына салынған инвестиция деп бағалады.
"Болашаққа инвестиция салу дегеніміз де – осы. Ал, айналамызда, яғни Еуразия құрлығында қай мемлекет әлеуметтік мақсаттарға осыншама қомақты қаражатты бөліп беріп жатыр? Жауап белгілі сияқты", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:16, 30 маусым 2026
«Бәріміз қуаныштымыз»: Димаш Құдайбергеннің анасы отбасындағы жағымды жаңалықпен бөлісті
-
15:02, 30 маусым 2026
Ерлан Қарин Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды
-
14:51, 30 маусым 2026
Атырау облысында құны 619 млн теңгеден асатын жер телімдері мемлекетке қайтарылды
-
14:45, 30 маусым 2026
Марокко пенальтилер сериясында Нидерландыны жеңіп, әлем чемпионатының 1/8 финалына шықты
-
14:35, 30 маусым 2026
Мүлікті сату: қазақстандықтарға жаңа ережелер түсіндірілді





