1 қаңтарда қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды
© Сурет: pixabay
Синоптиктер 2025 жылғы 1 қаңтарда бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК-ге сілтеме жасап.
Қызылорда облысының солтүстігінде, 02 қаңтарда облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында, 03 қаңтарда түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. 01 қаңтарда облыстың оңтүстігінде, орталығында, 02-03 қаңтарда облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. 01 қаңтарда жел оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен соғады, күндіз облыстың солтүстігінде күші 15-20 м/с, 02-03 қаңтарда жел оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында күші 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі. Қызылордада кей уақыттарда тұман күтіледі.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Оралда түнде көктайғақ күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, екпіні 18 м/с.
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде қар, бұрқасын, күндіз қар, бұрқасын, облыстың оңтүстігінде, шығысында қатты қар күтіледі. 01 қаңтарда облыстың батысында көктайғақ, түнде облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. 02 қаңтарда түнде облыстың солтүстігінде, шығысында қар, бұрқасын, көктайғақ, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ күтіледі. 03 қаңтарда түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ күтіледі. 02-03 қаңтарда облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, 01 қаңтарда түнде облыстың солтүстік жартысында 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с, 01 қаңтарда күндіз, 02-03 қаңтарда тәулік бойы 15-20 м/с, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с, 01 қаңтарда күндіз, 03 қаңтарда тәулік бойы кей уақыттарда 30 м/с және одан да аса күтіледі.
Ұлытау облысының оңтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. 01 қаңтарда облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман. 02-03 қаңтарда облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында бұрқасын, көктайғақ. 03 қаңтарда күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар). 02-03 қаңтарда облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, 01 қаңтарда күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с, 02-03 қаңтарда 15-20, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с. Жезқазғанда кей уақыттарда тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с.
Қарағанды облысының оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), кей уақыттарда тұман, көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын. 02 қаңтарда бұрқасын, көктайғақ, тұман. 03 қаңтарда жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ, тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, 01 қаңтарда күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с, 02-03 қаңтарда күші 15-20, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с. Қарағандыда бұрқасын, көктайғақ, тұман. 03 қаңтарда жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ, тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, 02-03 қаңтарда күші 15-20, екпіні 23-28 м/с.
Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, Жарма ауданында екпіні 23 м/с. 02 қаңтарда түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде бұрқасын, көктайғақ, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ күтіледі. 03 қаңтарда түнде бұрқасын, көктайғақ, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ күтіледі. 02-03 қаңтарда облыстың батысында, солтсүтігінде, шығысында тұман күтеді. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтсүтігінде, орталығында 15-20, екпіні 25 м/с.
Шығыс Қазақстан облысында жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. 02 қаңтарда түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ, облыстың солтүстігінде, шығысында қатты қар күтіледі. 03 қаңтарда түнде бұрқасын, көктайғақ, облыстың солтүстігінде, шығысында қатты қар, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ, облыстың солтсүтігінде, шығысында қатты қар күтіледі. 02-03 қаңтарда облыстың батысында, солтсүтігінде, шығысында тұман күтеді. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтсүтігінде, шығысында 15-20, екпіні 23 м/с. Өскеменде бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-18 м/с.
Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. 01-02 қаңтарда облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында, 03 қаңтарда облыстың таулы аудандарында көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, 01-02 қаңтарда облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, 02 қаңтарда екпіні 23-28 м/с, 03 қаңтарда облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Таразда кей уақыттарда тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, 02 қаңтарда таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 23 м/с күтіледі.
Петропавлда күндіз бұрқасын күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20, екпіні 23 м/с. 02 қантарда бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, 15-20, екпіні 23 м/с. 03 қантарда жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, 15-20, екпіні 23 м/с.
Астанада оңтүстік-батыстан жел соғады,екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.
Атырау облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Атырауда түнде көктайғақ күтіледі.
Көкшетауда кей уақыттарда жаяу бұрқасын күтіледі. 02 қаңтарда қар, бұрқасын күтіледі. 03 қаңтарда жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз 01 қаңтарда, 02-03 қаңтарда тәулік бойы екпіні 15-20 м/с.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:50, 3 қаңтар 2025
ІІМ көлік жүргізушілеріне маңызды үндеу жасады
-
18:49, 3 қаңтар 2025
Ақмола облысындағы жаппай жол апаты: зардап шеккендер саны 20 адамға жетті
-
17:52, 3 қаңтар 2025
Астана әуежайында ұшып кететін үш, ұшып келетін 11 рейс кейінге шегерілді
-
17:19, 3 қаңтар 2025
Ақмола облысындағы жаппай жол апаты: 11 адам зардап шекті
-
16:53, 3 қаңтар 2025
4 қаңтарда қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды