+42°C. Еліміздің басым бөлігінде 20 маусымда күн қатты ыситыны ескертіледі
© Сурет: pixabay
"Қазгидромет" РМК Қазақстан аумағы бойынша алдағы сенбі, 2026 жылғы 20 маусымда ауа райының синоптикалық жағдайы мен қауіпті құбылыстарының болжамын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оған сәйкес, күндіз бірден еліміздің 14 аймағында аптап ыстық болады деп күтіледі:
- Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында, Абай, Жетісу, Ұлытау облыстарында, Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, Қарағанды облысының батысында, оңтүстігінде, Алматы облысының солтүстігінде аптап ыстық болады деп күтіледі: +35...+38°С.
- Маңғыстау облысында күн қатты қызиды деп болжанады: +38...+42°С дейін.
- Қызылорда облысында да қатты ыстық болатыны болжанады: +40°С дейін.
- Атырау және Ақтөбе облыстарының оңтүстігінде де өте қатты ыстық күтіледі: +41°С дейін.
"Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты Қазақстан аумағының басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, еліміздің батысында, оңтүстік-шығысында нөсер жаңбыр болады, батысында, оңтүстігінде дауыл тұруы мүмкін. Республика бойынша жел екпін алады, солтүстік-батыста, солтүстікте түнде және таңертең тұман болады". "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметі
Сонымен қатар бірқатар облыстарда өрт қаупі күтіледі:
- жоғары өрт қаупі: Атырау, Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарында, Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, Маңғыстау өңірінің батысында, солтүстік-шығысында, орталығында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, Солтүстік Қазақстан өңірінің оңтүстік-шығысында, Қарағанды облысының оңтүстігінде, Ұлытау облысының батысында, Ақмола облысының орталығында, Алматы облысының оңтүстігінде, батысында, Жетісу облысының орталығында, оңтүстігінде, солтүстігінде;
- төтенше өрт қаупі: Қызылорда облысында, Қостанай өңірінің оңтүстігінде, оңтүстік-батысында, Ақмола облысының шығысында, Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында, Қарағанды облысның батысында, шығысында, орталығында, Ұлытау облысының шығысында, оңтүстігінде, Абай өңірінің батысында, солтүстік-шығысында, оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, оңтүстігінде, орталығында, Түркістан өңірінің батысында, солтүстігінде, Жамбыл облысының батысында, оңтүстігінде, Алматы облысының солтүстігінде, Жетісу облысының шығысында, батысында.
Бұған дейін синоптиктер Астана, Алматы және Шымкент қалалары бойынша 2026 жылғы 20–22 маусымға арналған ауа райы болжамымен бөліскен болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:59, 19 маусым 2026
Дастан Сатпаевтың «Челси» сапындағы алғашқы ойыны қашан болады
-
18:43, 19 маусым 2026
Семсерлесуден Азия чемпионаты: үш қазақстандық спортшы 1/8 финалға дейін жетті
-
17:49, 19 маусым 2026
Жоғары дәрежелі шақырту бойынша: Алматыда дәмхана өртенді
-
17:41, 19 маусым 2026
Футболдан 2026 жылғы Әлем чемпионатының ең әдемі ойыншылары анықталды
-
17:22, 19 маусым 2026
Апорт алмасы қайта жаңғыртылып, жаңа бақтардың аумағы 110 гектарды қамтитын болады





